Жаңақоныс (2009 жылға дейін – Новое)Ақтөбе қаласының Новый елді мекенін Жаңақоныс ауылы деп қайта атау туралы — Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл, бұрынғы Новый ауылдық округі орталығы. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы шағын ауданға айналды.Ақтөбе қаласында екі ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы
Географиялық орны Ақтөбе қаласынан батысқа қарай 3 км-дей жерде, Жіңішке өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1027 адам (501 ер адам және 526 әйел адам) болса, 2009 жылы 6486 адамды (3240 ер адам және 3246 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Ауыл 1976-1996 жылдары құс етін өндіретін Ақтөбе құс фабрикасының орталығы болып келді. Оның негізінде Жаңақоныста ЖШС құрылды.
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе қалалық әкімшілігінің таратылған елді мекендері