Бұхара құшбегісі () — 1756–1920 жылдары Бұхара әмірлігіндегі өзбектердің Маңғыт әулеті билігі кезінде мемлекеттік істерді басқарған уәзірге немесе ең жоғары лауазымды тұлғаға сәйкес келетін атақ.

«Құшбегі» сөзі түркі тілінен сөзбе-сөз аударғанда орда бастығы, қоныс басшысы деген мағынаны білдіреді.Бартольд В.В. Сочинения. Том 2. Часть 2. Москва: Издательство «Наука». Главная редакция восточной литературы, 1964

Бұхара әмірлігіндегі лауазым ​Бұхара әмірлігінде екі құшбегі қызмет атқарды: Құшбегийи боло (Жоғарғы құшбегі) және Құшбегийи пойон (Төменгі құшбегі), мемлекеттің атқарушы билігі солардың қолында болды. Елде соғыс болғанда немесе төтенше жағдайлар туындағанда бұл екі лауазым біріктіріліп, Күллі құшбегі (Барлығының құшбегісі) лауазымы тағайындалатын.

Кейбір тарихшылар Күллі құшбегі мен Жоғарғы құшбегі лауазымдарының арасындағы айырмашылықты көрмей, оларды қате түрде бір-біріне ұқсастырған.Маджлисов А. Аграрные отношения в Восточной Бухаре в XIX — начале XX века. Душанбе-Алма-Ата, 1967, С. 31–41

Құшбегийи боло — Жоғарғы құшбегі ​Әмірлік астанасындағы жоғары әкімшілік билік — елдің бірінші лауазымды тұлғасы әрі әмір Бұхара қаласынан сыртқа шыққан кезде оның орынбасары болып табылатын құшбегіге тиесілі болды. Іс жүзінде құшбегі тек астананың басшысы ғана емес, сонымен бірге өзіндік бір премьер-министр немесе шығысша айтқанда бас уәзір болды. Ол әмірліктің барлық әкімшілік және шаруашылық істерін басқарды. Сондай-ақ құшбегі Бұхара вилайетін, яғни астанаға іргелес жатқан облысты басқаруды жүзеге асырды. Сонымен қатар оған әмірліктің барлық бектіктерінің (облыстарының) бектері бағынышты болды.Тревер К.В., Якубовский А.Ю., Воронец М.Э.: История народов Узбекистана, том 2. — Ташкент: АН УзССР, 1947. Барлық шенеуніктерді сол тағайындайтын, тек жоғары лауазымды шенеуніктерді ғана әмірдің өзі тағайындады.

Құшбегі кеңсесіне әмірдің атына келіп түскен барлық хабарлар, мәлімдемелер мен өтініштер тапсырылып отырды. Орталық үкіметтің өкімдері мен нұсқаулары да осы кеңседен шығатын. Ешбір іс құшбегісіз әмірге дейін жеткізілмейтін. Құшбегі әмірліктегі істердің жай-күйі туралы әмірге жеке өзі баяндап отырған.

Күнделікті өмірде оны Құшбегийи боло (Жоғарғы құшбегі) деп атаған, өйткені ол Бұхараның биік төбеде орналасқан қамалы — Аркта тұрып, сонда қызмет атқарған. Ал Құшбегийи пойон (Төменгі құшбегі) болса, Арктың етегіндегі аулада тұрған. Әмір астанадан шығып кеткен кезде, құшбегі әмірдің орынбасары ретінде қандай жағдай болмасын Арк қамалынан сыртқа шығуға құқығы болмаған.

Құшбегийи пойон — Төменгі құшбегі ​Әмірліктегі маңызы жағынан құшбегіден кейінгі екінші тұлға күнделікті тілде Құшбегийи пойон (Төменгі құшбегі) деп аталды; сондай-ақ оны Зекетші кәлән — Жоғарғы зекет жинаушы немесе Бас зекетші деп те атаған. Оған Диуанбегі шені берілетін.В центральном правительстве диванбеги являлся высокой персоной, второй после кушбегиА.А. Семенов. Очерк устройства административного управления Бухарского ханства позднейшего времени. / Труды АН Тадж. ССР. Институт истории, археологии и этнографии. Вып. 2, Сталинабад, 1954, стр. 57, 61;М.А. Абдураимов. Очерки аграрных отношений в Бухарском ханстве. Ташкент, 1966, стр. 72-73 Төменгі құшбегі әмірліктің орталық қаржы бөлімін, негізінен салық — зекет істерін және ақша сарайын басқарды. Оған барлық провинциялық зекетшілер бағынышты болды.Материалы по истории таджиков и узбеков Средней Азии. Издательство АН Таджикской ССР. 1954

Төменгі құшбегі өзінің кеңсесімен бірге Арк қамалының етегінде орналасқан аулада тұрған, сол себепті оны «төменгі құшбегі» деп атаған. Жоғарғы құшбегі болмаған жағдайда, бұл лауазымды тұлға оның міндетін атқаратын, ал әмір елден тыс жерге шыққанда немесе ол қатты ауырып қалған кезде мемлекетті басқару ісіне екі құшбегі де кірісетін.

Күллі құшбегі — Барлық істің құшбегісі ​Соғыстар мен төтенше жағдайлар кезінде әмірлікте Күллі құшбегі (Барлық істің құшбегісі) лауазымы тағайындалатын. Күллі құшбегіге жүктелген міндеттер Жоғарғы құшбегінің міндеттерінен өзгеше болды, өйткені ол Төменгі құшбегінің де қызметтерін қоса атқарған. Мысалы, Мұхаммед би (1870–1889), Астанқұл би (1889–1910) және Насрулла би (1910–1917) секілді Күллі құшбегілердің тұсы саясатта дара басшылық пен жеделдікті талап ететін сыртқы қауіптер мен халық толқуларына байланысты әмірліктегі шиеленісті кезеңдермен сипатталды.

«Бұхара әмірі құшбегісінің кеңсесі» мұрағатының тарихи қоры ​Құшбегі әмірліктің кеңсесіне иелік етті. Әмірліктің барлық істері кеңседе тіркеліп, әмірге тұрақты түрде баяндалып отырды.

«Бұхара әмірі құшбегісінің кеңсесі» мұрағатының тарихи қоры Өзбекстан Орталық мемлекеттік мұрағатында № И-126 қоры бойынша сақталған. Ол екі тізілімнен (реестрден) тұрады және онда 10 673 іс бар.

Бірінші тізілімге құшбегі кеңсесінің өз жұмысы барысында жинақталған құжаттары, сондай-ақ жергілікті билік орындарынан орталыққа келіп түскен хабарламалар — кіріс хат-хабарлары енген. Бірінші тізімдегі құжаттар парсы тілінде, араб жазуымен жазылған.

​Екінші тізілім Бұхара құшбегісінің Бұхарадағы Ресей империясының саяси агентімен жазысқан хаттарын қамтиды; олар негізінен әмірлік азаматтарынан Ресей империясының азаматтары пайдасына борыштар мен айыппұлдар өндіріп алу мәселелеріне арналған. Бұл істерде парақтар тігінен екі бөлікке бөлінген: бірінші жағында мәтін жергілікті тілде жазылса, екінші жағында оның орыс тіліндегі аудармасы берілген.

Бұхара хандығындағы лауазым ​Мұхаммед Юсуф Муншидің «Тарих-и Муким-хани» және Мір Мұхаммед Әмин-и Бұхаридің «Ұбайдулла-наме» еңбектерінен тарихшылар өмір сүрген кезеңде жоғарғы құшбегінің әлі мемлекеттің бірінші министрі болмағанын көруге болады; ол бұл деңгейге кейінірек, Маңғыт әулеті билік еткен тұста ғана көтерілді.

XVIII ғасырда бұл лауазым Күллі құшбегі деп атала бастады. II Ұбайдулла ханның билігі кезінде құшбегі қызметі ұлы инаққа беріліп, нәтижесінде екі лауазым уәзір Тұрақұл бидің тұлғасында біріктірілді. Шамамен сол уақытта құшбегі лауазымы мен атағына алғаш рет арабтың «күллі» — «барлығы» деген сөзі қосылды (құшбегийи күллі — барлық істің құшбегісі немесе барлығы бағынатын құшбегі). Кейіннен, ханның қалауы бойынша, жоғарыда аталған тұлғаның беделін арттыра түсу үшін «күллі» сөзін лауазым атауының басына қосты, бұл титулатура Бұхара әмірлігінде сақталып қалды. Маңғыт әулеті тұсында құшбегінің маңызы премьер-министр деңгейіне дейін көтерілді.О.А. Соловьёва. Лики власти Благородной Бухары. МАЭ РАН. 2002

Бұхара құшбегілері № ҚұшбегіӨмір сүрген жылдарыҚызметтегі жылдарыЕскертпеАбдулла би?–17231702–1710/1711Тұрақұл би1670–17111710/1711–1711Жаушан1680–17111711–1711Абдулла би?–17231711–1716Лауазымға екінші рет тағайындалдыСұлтан би?–17231716–1723Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының баяндамалары. УДК 930.2. Ж.М.Тулибаева. "Таварих-и авваил ва аввахир" XVIII — XIX ғғ. бірінші жартысындағы қазақтардың тарихы бойынша дереккөз ретінде.Мұхаммед Дәулет1712–17851756–1785Бұхара әмірлігінің алғашқы құшбегісіӨткір би1743–18121790–1812Мұхаммед Хәкім би1769–18401812–1837Рахманберді түрікмен?–?1837–?Әзиз би?–1860?–1860Мұхаммед Жақып би?–?1860–1870Мұхаммед би1808–18891870–1889Астанқұл би1860–19231889–1910Насрулла би1860–19181910–1917Низамаддин Урганжи1871–19211917–1920Бұхара әмірлігінің соңғы құшбегісі

Әдебиет Мырза Сәлімбек: Тарих-и Салими (Источник по истории Бухарского эмирата). Ташкент. Akademiya. 2009. Бухарский трактат о чинах и званиях и об обязанностях их носителей их в средневековой Бухаре // Советское востоковедение, Том V. М.-Л. 1948 Абдалазим Сами: Та'рих-и Салатин-и Мангитийа (Историю мангытских государей). Москва. 1962. Ахмад Даныш. История мангитской династии. Душанбе. Дониш. 1967 Тревер К.В., Якубовский А.Ю., Воронец М.Э.: История народов Узбекистана, том 2. — Ташкент: АН УзССР, 1947. — 517 с.

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Бұхара әмірлігінің мемлекеттік лауазымдары Санат:Бұхара құшбегілері