«Жар жағалаған жалғыз» () — америкалық жазушы Джером Дэвид Сэлинджердің 1951 жылы жарық көрген есейю романы. Шығарма 1945–1946 жылдары ішінара журналдарда сериялық түрде жарияланып, кейін 1951 жылы толық роман ретінде басылып шықты. Бастапқыда ересектер аудиториясына арналғанымен, қоғамдағы үстірттік пен жасандылықты өткір сынауы, сондай-ақ ондағы жалғыздық пен жатсыну тақырыптарының арқасында роман жасөспірімдер арасында ең көп оқылатын культтік шығармалардың біріне айналды.Costello, Donald P., and Harold Bloom. "The Language of 'The Catcher in the Rye:' Bloom's Modern Critical Interpretations: The Catcher in the Rye (2000): 11–20. Literary Reference Center. EBSCO. Web. December 1, 2010.

Туындыда пәктік, өз-өзін тану, қалыптасу, жоғалту және депрессия сияқты маңызды тақырыптар қозғалады. Басты кейіпкер — Холден Колфилд — жасөспірімдік бүліктің әлемдік нышаны ретінде қабылданады. Кәмелет жасына толуға жақын қалған Колфилд өз өміріндегі соңғы оқиғаларды баяндай отырып, айналасындағы құбылыстар мен қоғамдық нормалар туралы өз ойын ашық әрі сыншыл тұрғыда ортаға салады.

«Жар жағалаған жалғыз» романы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Жыл сайын шығарманың шамамен бір миллион данасы сатылады, ал жалпы сатылым көлемі 65 миллионнан астам дананы құрайды.According to List of best-selling books. An earlier article says more than 20 million:

2005 жылы Time журналы бұл туындыны 1923 жылдан бері жазылған ең үздік 100 ағылшын тілді романның тізіміне енгізді. Сондай-ақ, Modern Library баспасы мен оның оқырмандары бұл романды XX ғасырдағы ағылшын тіліндегі 100 үздік шығарманың бірі деп таныды. 2003 жылы BBC жүргізген «The Big Read» (Үлкен оқу) сауалнамасында роман 15-ші орынға ие болды."The Big Read", BBC, April 2003. Retrieved October 18, 2012.

Сюжеті Шығарманың оқиғасы ХХ ғасырдың 50-ші жылдарындағы АҚШ-та өрбиді. Романның басты кейіпкері — 16 жасар Холден Колфилд. Оқиға Холденнің психологиялық оңалту орталығында жатып, басынан өткен жайттарды баяндауынан басталады.

Негізгі сюжет Холденнің Пенси жеке мектебінен оқу үлгерімі нашар болғаны үшін қуылғаннан кейінгі үш күндік сапарын қамтиды. Холден ата-анасы бұл хабарды естігенше бірнеше күн күте тұруды ұйғарып, Нью-Йорк қаласына аттанады. Қалада ол түрлі адамдармен кездесіп, ересектер әлемінің «жалғандығымен» (phoniness) бетпе-бет келеді.

Сапар барысында Холден өзін жатсынып, жалғыз сезінеді. Ол мейрамханаларға барады, такси жүргізушілерімен әңгімелеседі, бұрынғы таныстарымен кездеседі, бірақ ешкімнен өзі іздеген шынайылық пен түсіністікті таба алмайды. Оның бойындағы жалғыз жылылық — кішкентай қарындасы Фибиге деген махаббаты мен ерте қайтыс болған інісі Эллиге деген сағынышы.

Романның атауы Холденнің қиялындағы арманынан туған. Ол өзін қара бидай алқабында ойнап жүрген балаларды «жардан құлап кетпеуін» қадағалап, оларды ұстап қалатын күзетші ретінде елестетеді. Бұл бейне — кейіпкердің балалық шақтың пәктігін сақтап қалуға және ересектердің қатыгез әлеміне жібермеуге деген ішкі талпынысын білдіреді.

Шығарманың соңында Холден қарындасы Фибидің карусельде айналып жүргенін көріп, алғаш рет ішкі тыныштық табады. Соңында ол ауруханаға түсіп, өз оқиғасын аяқтайды, бірақ алдағы өміріне деген сенімсіздігі сақталып қалады.

Шығарманың қабылдануы «Жар жағалаған жалғыз» романы тұрақты түрде жиырмасыншы ғасырдың ең үздік туындыларының тізіміне еніп келеді. Кітап жарық көргеннен кейін көп ұзамай The New York Times басылымында Нэш К. Бургер оны «ерекше жарқын роман» деп атады, ал Джеймс Стерн Холденнің сөйлеу мәнеріне еліктей отырып, шығармаға тәнті болған рецензия жазды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Г. У. Буш бұл туындыны «тамаша кітап» деп атап, оны өзіне шабыт берген шығармалардың қатарына жатқызды.

2009 жылы BBC тілшісі Финло Рорер романның жарық көргеніне 58 жыл өтсе де, оның әлі күнге дейін «жасөспірімдік шақтың қандай болатынын көрсететін басты туынды» ретінде бағаланатынын жазды. Жылдар бойы түрлі жасөспірімдер арасында, әсіресе, жан күйзелісіне түскен және депрессияны бастан кешіп жүрген жастар Холденнің бейнесінен өздерін көруге бейім болды.

Белгілі балалар психоаналитигі Анна Фрейд мектепте осы романды оқыған жасөспірімдерді емдеу тәжірибесімен бөлісті:

Адам Гопник бұл шығарманы «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» және «Ұлы Гэтсби» туындыларымен қатар америка әдебиетіндегі «үш мінсіз кітаптың» бірі деп санайды. Оның пікірінше, «ешбір кітап 50-ші жылдардағы Нью-Йоркті бұл романнан артық бейнелей алмаған». Джефф Пручник Сэлинджердің өлімінен кейін жазған мақаласында романның тартымдылығы көптеген ұрпақтар үшін сақталып қалғанын айта келе, Холденді «ғасыр ортасында қатып қалған, бірақ алдағы әрбір ұрпақтың құрдастары қайта ашатын кейіпкер» деп сипаттады.

Джефф Пручник Сэлинджердің өлімінен кейін жазған мақаласында романның тартымдылығы көптеген ұрпақтар үшін сақталып қалғанын айта келе, Холденді «ғасыр ортасында қатып қалған, бірақ алдағы әрбір ұрпақтың құрдастары қайта ашатын кейіпкер» деп сипаттады.

Шығармаға берілген пікірлердің бәрі бірдей оң болған жоқ. Романды сынаушылардың арасында The Washington Post басылымының көпжылдық әдебиет сыншысы Джонатан Ярдли де бар. 2004 жылы ол романды бірнеше онжылдықтан кейін қайта оқу «ауыр әсер қалдырғанын» жазды:

Финло Рорердің айтуынша, қазіргі оқырмандардың көбі Ярдли сияқты «бұл кітаптың несіне сонша шулап жүргенін түсінбейді». Көптеген оқырмандар романның айналасындағы тылсым дүние мен аңызға бергісіз атақтан туған жоғары үміттері ақталмағанына көңілі толымайды. Дж. Д. Сэлинджердің өзі ешқандай сұхбат бермей, тасада қалуы арқылы бұл тылсымдықты одан сайын күшейте түскен.

Рорер кітаптың танымалдылығы мен сынының себептерін саралай келе, романның «жасөспірімдерге тән экзистенциалды үрейді» дөп басатынын, «күрделі орталық кейіпкері» мен «қарапайым сөйлесу стилі» бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, кейбір оқырмандарға «1940-жылдардағы Нью-Йоркке тән сөйлеу мәнері» мен басты кейіпкердің «шағымдана беруі» мен «өзіне тым қатты көңіл бөлуі» ұнамауы мүмкін екенін айтты.

Пікірталас және цензура 1960 жылы Талса қаласында (Оклахома) мұғалім сабақта осы романды оқуға бергені үшін жұмыстан шығарылды, бірақ кейіннен ол қайта қызметіне орнықты. 1961 жыл мен 1982 жыл аралығында «Жар жағалаған жалғыз» романы АҚШ мектептері мен кітапханаларында ең көп тыйым салынған кітапқа айналды. Оған шығармадағы «дөрекі тіл» (балағат сөздер) мен сексуалды көріністердің ашық суреттелуі (атап айтқанда, жеңіл жүрісті әйелмен болған көрініс) себеп болды. Сыншылар Холденді жастар үшін «жаман үлгі» деп сипаттап, ол балаларды бүлікке, ішімдікке және азғындыққа итермелейді деп айыптады.

Алайда бұл тыйымдар көбіне кері әсер беріп, романға деген қызығушылықты одан сайын арттыра түсті. Жасөспірімдердің романды оқуына шектеу қою немесе оны мектеп бағдарламасынан алып тастау әрекеттері бүгінгі күнге дейін анда-санда кездесіп тұрады.

Сэлинджердің романы бірнеше атышулы қылмыстармен байланыстырылады. Олардың ішінде Роберт Джон Бардоның актриса Ребекка Шефферді өлтіруі және кіші Джон Хинклидің АҚШ президенті Рональд Рейганға жасаған қастандығы бар. Сонымен қатар, Марк Чепмен Джон Леннонды атқаннан кейін ұсталған кезде, оның қасынан қылмыс болған күні ғана сатып алынған кітап табылды. Чепмен кітаптың ішіне: «Холден Колфилдке. Холден Колфилдтен. Бұл — менің мәлімдемем» деп жазып қойған.

Хинкли мен Чепменнің бұл кітапқа деген ерекше қызығушылығына түсініктеме бере отырып, Харви Соломон-Брэди былай деп жазды:

«Басқа қылмыскерлер пір тұтқан кітаптармен салыстырсақ — мәселен, Джон Ф. Кеннедиді өлтірген Ли Харви Освальд оқыған Джордж Оруэллдің «1984» романы, Джанни Версаченің қанішері Эндрю Кьюненен оқыған К. С. Льюистің христиандық туралы толғаулары немесе Унабомбер лақап атымен танымал Тед Качинский оқыған Джозеф Конрадтың «Құпия агент» туындысы болсын — олардың қасында «Жар жағалаған жалғыз» романы ерекше оқшау тұр. Бұл кітап оқырманға ешқандай тікелей нұсқау бермесе де, адам санасына жойқын әсер ету қабілетімен ерекшеленеді».

Дереккөздер

Санат:Джером Дэвид Сэлинджер шығармалары Санат:1951 жылғы романдар Санат:Ағылшын тіліндегі романдар Санат:Дебюттік романдар