Санатбек Тәжібай (9 ақпан 1939 жылы туған, Жуалы ауданы, Талапты ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1990), профессор (1990).
Мәскеу инженер-құрылыс интитутын бітірген (1961). 1961 – 1962 жылдары Қазақ политехникалық интитутында (қазіргі ҚазҰТУ) оқытушы. 1962 – 1965 жылдары Мәскеу электрондық машина жасау интитутының аспиранты. 1965 – 1967 жылдары Қазақ политехникалық интитутында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан қызметін атқарды.
Ғылыми еңбектері Тәжібайдың ғылыми еңбектері машина жасау өнеркәсібінің мәселелеріне арналған. Ол механизмдер мен машиналардың ғарышта жұмыс істеу қабілеттілігін зерттеді. Осы зерттеу нәтижелері Ай бетінде еркін қозғалған «Луноход» аппаратының ішпектерін (подшипниктерін) жасауға негіз болды.
120 ғылыми мақалалардың 8 оқу құралының 1 монографияның «Машина бөлшектері» «Қолданбалы механика» атты кітаптардың авторы.Тараз : Жамбыл облысы энциклопедиясы. Алматы, ISBN 9965-9389-1-1
Дереккөздер
Санат:9 ақпанда туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Жуалы ауданында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессорлары