Сырым Датұлы ескерткіші – Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
Орналасқан жері Орал қаласы, Сырым Датұлы алаңы.
Кезеңі, авторы 2000 жыл, мүсінші И. Айденов.
Тарихи дерек, сипаты Ескерткіш атта отырған Сырым Датұлының қола мүсіні орнатылған граниттік тұғыр болып табылады. Жобамен 6елгілі мүсінші И. Айденов жұмыс істеді. Ескерткіштің жалпы биіктігі - 4,80 м. Тұғырының биіктігі - 1,60 м.
Сырым Датұлы (1753-1802 жж.) – халық батыры, 1783-1797 жылдардағы бүкіл Батыс Қазақстан аймағын қамтыған алғашқы үлкен отаршылдыққа және ханға қарсы халық көтерілісінің рухтандырушысы ретінде тарихта қалды. Өз уақытындағы ең ақылды, батыл, көреген және әділ адамдардың бірі бола тұра, белгілі батыр және даланың сүйікті ақыны Сырым Датұлы жаңа тарихи шындықтарды басқалардан ерте түсінді. Ол халықтың құқығы үшін саяси күреске түсіп, билеуші топтардың көпшілігінің қаһарына ұшырады. Бүгінгі күні Сырым Датұлының өмірі мен күресі ұрпақтарына ғибрат және ұлттық өзін-өзі тану, мәдениет және сәйкестік нышаны.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы сәулеті Санат:Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан ескерткіштері