Ресейдің Украинаға басып кіруі барысында, 2024 жылғы 6 тамызда Украина Ресейдің Курск облысына басып кірді. Украина әскері бірнеше елді мекенді, соның ішінде Суджа қаласын басып алды. Оккупация 2025 жылғы наурызда аяқталды.

Тарихы 2024 жылғы 15 тамызда Украинаның әскери қолбасшысы Олександр Сирський Курск облысының оккупацияланған бөліктерінде әскери әкімшіліктің құрылғанын және оны әскери комендант атағын алған генерал-майор Едуард Москальов басқаратынын жариялады. Ол, оған қоса, 82 елді мекеннің енді Украина бақылауында болғанын айтты. Ол Ресей жерін ұзаққа ұстауға қызықпайтынын айтқан.

Қызметі Украина әскери әкімшіліктің мақсаты — бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету, мемлекеттік қызметті қолдау және Украина қарулы күштері бақылайтын аумақтардағы тәртіпті сақтау екенін мәлімдеді. Украина билігі халықаралық гуманитарлық ұйымдарға Курск облысының өздері бақылауындағы аудандарына кіруге рұқсат бермекші.

Украинаның Укрпошта ұлттық пошта қызметі, егер қызметкерлердің қауіпсіздігіне кепілдік берілсе, Суджада филиал ашу мүмкіндігін қарастырады.

Басшыларының тізімі №СуретіАты-жөніЛауазымыҚызметі180pxЕдуард МоскальовӘскери комендант15 тамыз 2024наурыз 2025

Басқарған елді мекендері +АтауыХалқыАуданыБасқарадыКүніҚосымшаақпаратБелая2,598Белая6 тамыз 2024Большое Солдатское2,681 Большое Солдатское6 тамыз 2024Глушково5,349Глушково6 тамыз 2024Коренево6,119Коренево6 тамыз 2024Курск440,052жоқ6 тамыз 2024Льгов21,453жоқ6 тамыз 2024799Суджа4 қыркүйек 20248 тамызда басып алды.9 тамыздан даулы деді.4 қыркүйекте жаулаған көрінді.2025 жылғы 9 наурызда қайтарды. Рыльск15,671Рыльск6 тамыз 2024Снагость494Коренево12 тамыз 20248 тамызда даулы деді. 9 тамызда жаулаған көрінді.11 тамыздай уақыттан бері даулы деді.18 тамызда жаулаған көрінді.10–12 қыркүйек аралығында даулы деді.11 қыркүйекте жауладық деді.13 қыркүйекте жауладық деп растады.13 қыркүйекте бақылауы расталды.Суджа6,036Суджа15 тамыз 20246–14 тамыздай аралығында даулы деді.15 тамызда жауладық деді.2025 жылғы 12 наурызда қайтарды.Тёткино4,223Глушково6 тамыз 20242025 жылғы 15 маусымда қайтарды.

Тағы қараңыз Украинаның уақытша жауланған территориялары Ресейдің Украинаға басып кіруі кезіндегі Ресейдегі шайқастар

Дереккөздер

Санат:2024 жылғы Ресей Санат:Курск облысы тарихы Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі