Қараеспе – Шалқартеңіз алабындағы құрғақ арна.
Географиялық орны Ұлытау облысының Ұлытау ауданы жерімен ағады. Арыс көлінің солтүстігінде. Ұзындығы 90 км, су жиналатын алабы 992 км2. Арнасымен көктемде 7 – 10 күндей ағын болады.
Бастауы Бастауын Шолақнұра (339 м) тауынан алып, Теріскенеспе өзеніне құяды.
Гидрологиясы Арнасы тік жарлы. Қар, жаңбыр суларымен толығады. Аңғары мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Шалқартеңіз