Хуго Де Фриз ( [Хюго де Врис], 1848—1935) — Нидерландтық ботаник, генетиканың негізін қалаған ғалымдардың бірі.Британника энциклопедиясы - Хуго Де Фриз
Ол Лейден университетінде білім алды, дипломдық жұмысы өсімдіктердің тамырлары жайында болды.
1878—1918 жылдары ол Амстердам университетінде профессор болды. Сонымен қатар жергілікті Ботаникалық бақты басқарды.
Ол ғылымға плазмолиз және деплазмолиз, сондай-ақ мутация деген терминдерді енгізді. Мендель заңдылықтарын қайта ашты. Мутациялық теорияны құрастырды.
Еңбектері The Mutation Theory: Experiments and Observations on the Origin of Species in the Vegetable Kingdom (немісше, 1900—1903), (ағылшынша, 1910—1911). Species and Varieties: Their Origin by Mutation. — 1905. Plant Breeding — 1907 (немісше, 1908). Intracellular Pangenesis. — Чикаго, 1910.
Дереккөздер
Санат:Нидерланд ботаниктері Санат:Ботаникалық таксондар авторлары