Евгений Иванович Боярский (1929 жыл, қазіргі Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Богословка ауылы) — ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (1966), доцент (1969).
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-н (1954), аспирантурасын (1964) бітірген. Шортанды орта мектебінде мұғалім (1949 — 51), Атырау педагогикалық институтында аға оқытушы (1954 — 60), «Қазақстан мұғалімі» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1960 — 64), Өскемен педагогикалық институты ректорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (1964 — 71), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры (1971 — 90) қызметтерін атқарған. Қазақ КСР Халыққа білім беру ісінің үздігі (1976), КСРО Оқу-ағарту ісінің үздігі (1979), КСРО Азаматтық қорғаныс ісінің үздігі (1980). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Санат:1929 жылы туғандар Санат:Шарбақты ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Атырау мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қазақстан мұғалімі газеті қызметкерлері Санат:Өскемен педагогикалық институты оқытушылары Санат:Көкшетау мемлекеттік университетінің ректорлары Санат:Қазақ КСР Халыққа білім беру ісінің үздіктері Санат:КСРО Оқу-ағарту ісінің үздіктері Санат:КСРО Азаматтық қорғаныс ісінің үздіктері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері