Әндіжан ауданы (түмені) () — Өзбекстандағы Әндіжан облысының (уәлаят) орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Құйғанжар кенті.
Тарихы Аудан 1926 жылы 29 қыркүйекте құрылған. 1939 жылы 10 ақпанда Әндіжан ауданының 7 ауылдық кеңесі жаңа Алтынкөл ауданына берілді.
Географиясы Жер бедері ойпаттар, қыраттар және адырлармен бейнеленеді. Оңтүстік-шығысында Әндіжан-Атшабар, Тесіктас адырлары мен Қарабек, Бұтақара, Жарбасы таулары орналасқан.
Ауданның солтүстік-шығысында Қарадария және Әндіжансай өзендері, Суықбұлақ бұлағы, Үлкен Ферғана және Нижнелугнор арналары ағады, Құйғанжар және Құтарма сорғы станциялары, Шыңабат және Асака скидтері бар.
Климаты Климаты биік субтропиктік таулы. Шілдеде орташа температура +27,3˚С, ақпанда -3˚С. Өсімдік өсетін мезгіл 160-180 күн. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 225 мм-ге дейін жетеді.
Табиғаты Адыр бөлігіндегі топырақтар байытылған, қалғандары — боз топырақтар. Көктемде адырлар эфемерлі өсімдіктермен жабылады. Тың жерлерде жусан мен көкпек өседі. Жабайы жануарлар сирек кездеседі. Кеміргіштер, бауырымен жорғалаушылар, құстар кездеседі.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Аудан 18 қалалық мекеннен (шаһарша; ) және 9 ауыл бұқаралары жиыны () (оның ішінде 54 ауыл) тұрады:
18 қалалық мекен Құйғанжар (орталығы), Айырылыс, Бұтақара, Гүлістан, Күмбез, Запрақ, Қарақалпақ, Күнжі, Құсарық, Намуна, Оғылық, Ақер, Раббат, Хартум, Жылан, Күнбағыс, Егінтіккен, Жаңабат.
9 ауыл бұқаралары жиыны Ақжар, Арал, Бұтақара, Күнжі, Найман, Хақан, Хартум, Хирабек, Жарбасы.
Сілтеме Әндіжан түмені Әндіжан уәлаяты хәкімдігінің ресми сайтында
Дереккөздер
Санат:Әндіжан облысы аудандары