Зертас (1992 жылға дейін – Галкино)О переименовании и упорядочении транскрибирования на русском языке наименований отдельных административно-территориальных единиц Республики Казахстан — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Зертас ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан солтүстікке қарай 9 км-дей жерде, Қызылсу өзенінің сол жағалауындағы жусан аралас нарқия, теріскен өскен қуаң шөлейтті белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен39134346 4544 104,6 2240 2318 103,5 2106 2226 105,7
Тарихы Іргесі 1950 жылы Большевик қой өсіру ұжымшарын ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1992 жылға дейін Галкино деп аталып келген. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшнрлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы, 4 том, 3 бөлім
Дереккөздер
Санат:Төле би ауданы елді мекендері