Скринкаст — телефон не компьютер экранының бейнежазбасы. Көбінесе аудиожазбасы бар экран жазбасы деп аталады. Скринкаст термині скриншотпен байланысты болғанымен, скриншот тек бір суретті ғана түсірсе, скринкаст экрандағы толық іс-әрекетті видео жазба етіп түсіреді. Г. Стенлидің ұсынысы бойынша скринкастты көбіне подкаст түріне жатқызады. Сондай-ақ оны білім алудың жаңа құралы ретінде қарастырады.Stanley, G.Podcasting for ELT.2005// Teachingenglish.org Electronic resource]/URL:http://www.teachingenglish.org.uk/think/articles/podcasting-elt

Дереккөздер