Луганск Халық Республикасы (, қысқаша ЛХР, ) — Шығыс Еуропада орналасқан, Ресей Федерациясы басып алған аумақтарда құрылған жартылай мойындалмаған квази-мемлекеттік құрылым. 2014 жыл мен 2022 жылға дейін кейде Ресейдің қуыршақ мемлекеті деп те аталатын Украинадан бөлініп шыққан де-факто автономия,Russian Analytical Digest No 214: The Armed Conflict in Eastern Ukraine css.ethz.ch. 19.3.2018Leonid Bershidsky Why Putin Encouraged Sham Elections in Eastern Ukraine bloomberg.com. және ДХР-мен қатар Донбасс аймағындағы жартылай мойындалған политиялардың бірі, 2022 жылғы Ресейдің аннескиясынан бастап дүние жүзімен мойындалмаған Ресей республикасы.
Тарихы Луганск және Донецк облыстары Украинаның Донбасс атты тарихи аймағында орналасқан. Бұл жер кезінде Украин КСР-ына 1922 жылы берілген еді. Донбасс тұрғындары бірінші тілі ретінде орыс тілін қолданады. Украина тәуелсіздігінің жариялағанынан бері аумақтың "украиндығы" жиі дауға алып келетін. Президенттік және парламенттік сайлаудағы Донбасстың және Батыс Украинаның дауыстарының өзгешелігі анық еді. Донбасс тұрғындары жиі Ресей саясатын және орыс тілін қолдайтын саясаткерлерді сайлайды; мысалы, 2010 жылы Донбасс тумасы Віктор Янукович Украина президенті болып сайланды. Оның қызметінің доғарылуына әкелген 2014 жылғы Украин революциясының нәтижесінде басталған Шығыс Украина тұрғындарының наразылығы бірте-бірте жаңадан құрылған Украина үкіметі мен жергілікті қарулы жасақтардың арасындағы қарулы қақтығысқа ұласты.
Құрылуы (2014–2015) thumb|left|Украина Қауіпсіздік Қызметі ғимараты маңындағы баррикада Луганск Халық Республикасы Украинаның бұрынғы Луганск облысының аумағында жергілікті халықтың Киевтегі төңкеріске және нео-нацистердің билікке келуіне жауап ретінде құрылды.
2014 жылдың 5 наурызында Киевтегі наразылық білдірушілер президент кеңсесін басып алғаннан кейін 12 күн өткен соң Луганск облысының мемлекеттік әкімшілігі ғимаратының алдына жиналған халық Александр Харитонов Луганск облысының «халық губернаторы» болып тағайындалсын деп сұрады. 2014 жылдың 9 наурызында Харитоновтың Луганск гвардиясы Луганскідегі үкімет үйіне басып кіріп, Луганск облысының губернаторы Михайло Болотськихты отставкаға кетуге мәжбүрледі.
2 мамыр 2014 жылы Донбасста украин әскерлерінің жазалау операциясы басталды және сол күні Одессада қайғылы оқиға болды, онда ұлтшылдар Киев хунтасының әрекеттеріне қарсы ондаған бейбіт наразылық білдірген адамдарды өлтірді, нәтижесінде Украинада азаматтық соғыс басталды.
11 мамыр 2014 жылы Республиканың құрылуы заңды түрде рәсімделді, сол кезде ЛХР-да және көршілес Донецк Халық Республикасында (ДХР) референдумдар өтті, онда жергілікті халық екі Республиканың тәуелсіздігін қолдады. ЛХР-ға референдумға халықтың 81%-ы, соның 90,53%-ы өңірдің тәуелсіздігін қолдады.
2014 жылғы 24 мамырда Донецк және Луганск халық республикалары Новороссия мемлекетінің құрамына қосылды ДХР және ЛХР басшылары оңтүстік-шығыс аймақтарының съезінде бірігу туралы құжатқа қол қойды.
2014 жылдың 27 маусымында Оңтүстік Осетия атты мойындалмаған мемлекет ЛХР мемлекеттілігін мойындады.
2 қараша 2014 жылы көршілес ДХР-дағыдай ЛХР-да сайлау өтті, онда халықтың көп келуімен және көптеген бақылаушылардың қатысуымен ДХР және ЛХР басшылары мен парламенттері сайланды.
Статикалық соғыс кезеңі (2015–2022)
2015 жылдың 15 наурызында республикада гривналарда, рубльде, долларда және еурода есеп айырысу мүмкіндігі бар мультивалюталық жүйе енгізілді, дегенмен бағалар гривналарда көрсетіле бердіПлотницкий: ЛНР не откажется от помощи в банковской системе. ria.ru, 20 наурыз 2015 жыл..
2015 жылы 5 мамыр күні ЛХР-де өзіндік үлгідегі паспорттарды беру басталды.
2015 жылы 23 шілде күні ЛХР-да өзінің алғашқы пошта маркасы шығарылды.
2015 жылдың наурыз айында ЛХР билігімен жүргізілген саясат қысқа мерзімді перспективада 2014 жылдың жазындағы ұрыс қимылдарынан кейін қалыпты өмірді қалпына келтіруге, ал ұзақ мерзімді перспективада — Республика басшысының айтуынша — "көптен күткен үйге, орыс әлеміне оралуға; Ресеймен барынша ықпалдасуға" бағытталған.
2017 жылдың 1 наурызында республикадағы негізгі валюта ретінде Ресей рублі қабылданды.
24 жылғы 2019 сәуірінде Ресей президенті Владимир Путин ДХР және ЛХР тұрғындарына Ресей паспорттарын берудің жеңілдетілген тәртібі туралы Жарлыққа қол қойды«Неизбежный шаг»: жители Донбасса получат паспорта РФ. news.rambler.ru, 24 сәуір 2019 жыл..
2021 жылғы 15 қыркүйегінде ЛХР және ДХР басшылары Леонид Пасечник пен Денис Пушилин ЛХР мен ДХР арасындағы шекарадағы кеден бекеттерін жойып, бірыңғай кеден кеңістігін құру туралы шартқа қол қойдыПодписание главами ЛНР и ДНР договора о создании единой таможенной территории и развитии экономической интеграции. lug-info.com, 15 қыркүйек 2021 жыл.ЛНР и ДНР подписали договор о единой таможенной территории. ria.ru, 15 қыркүйек 2021 жыл.. Сол жылдың қазан айында ратификациялық грамоталармен алмасқаннан кейін ол күшіне ендіДоговор о создании единого экономического пространства между ДНР и ЛНР вступил в силу. sevastopol.su, 2 қазан 2021 жыл..
Ресейдің Украинаға басып кіруі (2022–қазір)
2022 жылғы 22 ақпанда Ресей ЛХР мен ДХР тәуелсіздігін мойындады, сонымен бірге олармен достық, өзара көмек және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойдыПутин подписал указы о признании ЛНР и ДНР. tacc.ru, 22 ақпан 2022 жыл..
Украина үкіметі бақылайтын территорияға әскери шабуыл 24 ақпанда таңертең Путин Украинаны «денацификация мен демилитиризация» үшін «арнайы әскери операция» жариялаған кезде басталды.Путин начал войну в Украине. Текстовый онлайн currenttime.tv. 24.2.2022Зачем Путин напал на Украину? Азаттық радиосы 25.2.2022.
6 наурыз күні Ресей Қарулы Күштері мен ЛХР әскері Луганск облысының де-факто әкімшілік орталығы Северодонецк үшін шайқасты бастады. 2022 жылдың 25 маусымында Северодонецк толығымен басып алынды.
30 қыркүйек күні Ресей Украинаның Луганск, Донецк, Запорожье және Херсон облыстарын аннексиялады. Бұл — Екінші дүниежүзілік соғыстан бері ең ірі аннексия болды. Аннексияны халықаралық қауымдастық мойындамады (Солтүстік Кореяны қоспағанда). Украина, Еуропалық Одақ, АҚШ және Біріккен Ұлттар Ұйымы референдумдар мен аннексияны заңсыз деп атады.
Сондай-ақ қараңыз Донецк Халық Республикасы Донбастағы соғыс Ресейдің Украинаға басып кіруі
Дереккөздер
Сілтеме Луганская Народная Республика Луганск Халық Республикасы басшысының ресми сайты Луганск Ақпараттық Орталығы Луганск Халық Республикасы Министрлер Кеңесінің ресми сайты
Санат:Луганск Халық Республикасы Санат:2014 жылы пайда болғандар Санат:Украина саясаты