Алундар (сапалева немесе саполева) — Серам аралының батысындағы Шығыс Индонезияда тұратын халық. Серам аралындағы ең ежелгі этникалық топтардың бірі болып табылады. Олардың саны шамамен 21 300 және аралдың орталық-батыс бөлігіндегі 27 ауылда тұрады.
Тілі Алундар шығыс индонезиялық тілінде сөйлейді, тілі - алун тілі. Диалектілері бар болуы мүмкін. Орталық малай-полинезиялық тілдердің аустронезиялық отбасына жатады. Алундар индонезия тілін де пайдаланады.
Діні Діни ұстанымы - протестанттар, ислам дінін ұстанатын өкілдер де бар. Сонымен қатар дәстүрлі нанымдарды ұстанады.
Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері - күріш пен тамыр жемістерін өсіру. Тоқымашылықпен айналысады (әйелдер тоқыма белдемше киеді).
Өмір салты Туыстық қатынас патрилинейлік. Неке туысқандық, екі жақты кросскузендік неке дамыған, яғни, апалы-сіңлі алмасу дәстүрі.
Олар тоқылған киім киеді. Серам аралының әйелдері тоқылған белдемше киеді.
Алун халқының Серам аралында өсетін әлем ағашы Нунусаку туралы аңызы бар. Халықтың ұстанымына сәйкес, онда олардың мифтік ата-бабаларының рухтары өмір сүреді. Олар да оны өздерінің негізін қалаушы деп санайды.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары