Қызыладыр – Қызыларай таулары мен Балқаш көлі аралығындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет ауылының батысында 45 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 735 м. Салыстырмалы биіктігі 85 м. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес 8 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейі көлбеу, сай-жыралармен тілімденген. Етегінде қорымтас үйінділерінің мол қоры шоғырланған. Солтүстігінде Қаракенелі, батысында Малдыбай таулары орналасқан.
Өсімдігі Таудың қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында бетеге. селеу, боз, жусан, баялыш, көкпек, аңғарында терек өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары