Қызылтөбе – Тассуықтөбе қонысының солтүстік-батысындағы төбе.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Кіші Қамқалы ауылының солтүстік-шығысында 11 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 307 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 2,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Жер бедері жонды-белесті келген. Батысында Қаракөл, оңтүстік-батысында Қамқалыкөл көлдері, оңтүстігінде Бесоба төбесі, солтүстік-шығысында Сарыой қонысы бар.

Өсімдігі Құмды, қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, бұйырғын, күйреуік, қара сексеуіл, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы таулары