Сексембайсор – Қалыбек көлінің оңтүстік-батысындағы тұзды тұйық көл. Шағалалы өзенінің алабында.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылының оңтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 176 м биіктікте жатыр. Аумағы 8,4 км2, ұзындығы 4,3 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 15,1 км. Жағалауы тегіс, ашық келген. Оңтүстік-батысынан көктемде еріген қар суымен кішігірім жылға құяды. Негізінен еріген қар, жер асты суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сəуірде ериді. Суына мал суарылады. Алабы шабындық, егістік жəне мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тайынша ауданы көлдері