Первомай ауданы () — Ресейдің Орынбор облысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан) және муниципалды құрылым (муниципалды аудан).
Әкімшілік орталығы — Первомайский ауылы.
Географиясы Первомай ауданы Орынбор облысының оңтүстік-батысында орналасқан және: оңтүстігінде - Қазақстан Республикасымен, батысында - Самара облысымен, оңтүстік-батысында - Саратов облысымен, солтүстігінде - Құрманаймен, солтүстік-шығыста - Тоцкиймен, шығыста - Ташла аудандарымен шектеседі.
Аумақтың ауданы — 5055 км² құрайды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ең үлкен ұзындық — 87 км, батыстан шығысқа қарай — 108 км құрайды.
Тарихы Аудан 1928 жылы маусымда РКФСР құрамында Қазақ АКСР ішінде Тёплов (орталығы - Тёпловка ауылы) болып құрылды. 1934 жылы 7 желтоқсанда ауданның көп бөлігі Қазақ АКСР-інен Орынбор облысына берілді. 1962 жылы 21 мамырда Первомайск болып өзгертілді (орталығы Первомайский ауылына көшірілді).
Тұрғындары
Санат:Орынбор облысының Первомайск ауданы