Уорик университеті – Ұлыбританияның Ковентри қаласындағы 1965 жылы құрылған университет

Тарихы Уорик университеті 1965 жылы құрылған. Ол Ковентри қаласына жақын орналасқанымен, оған Уориктің атауы берілген. Бірінші жылы 450 студент қабылданды. 1979 жылы Университет құрамына Ковентри білім беру колледжі кірді, ал 2004 жылы — Халықаралық өсімдіктерді зерттеу институты.

Құрылымы Университет үш факультеттен тұрады: өнер факультеті, ғылымдар, инженерия және медицина факультеті және әлеуметтік ғылымдар факультеті.

Рейтинг QS World University Rankings бойынша әлемде 62-ші орын, наурыз 2020 жыл; Times Higher Education World Rankings бойынша әлемде 77-ші орын, наурыз 2020 жыл; Shanghai Jiao Tong Academic Ranking of World Universities бойынша әлемде 101-150 орын, 2020.

Дереккөздер

* Санат:Англия университеттері