«Дизель Студио» () — телевизиялық шоуларды, комедиялық бағдарламаларды, сериалдар мен фильмдерді өндіретін украиналық компания.

Тарихы 2000 жылы Егор Крутоголов, Михаил Шинкаренко және Евгений Гашенкомен бірге «Дизель» атты КВН командасын құрады.

«Дизель» командасы бірнеше рет КВН лигасына қатысты (2005 жылғы КВН-нің Үлкен лигасында 1/8 құрамындағы 5 орын, 2004 жылғы «КивиН дауыс беруші» маусымына қатысқан, 2003 жылғы КВН-нің Үлкен лигасының 1/8 бөлігінде 4 орын).

2013 жылы Егор Крутоголов, Евгений Гашенко, Михаил Шинкаренко және Александр Бережок ICTV телеканалына арналған, өздерінің ең алғашқы «Путёвая страна» (Жолдағы мемлекет) атты 20 сериялық скетчкомының авторлары және актерлары атанды.

2015 жылы Егор Крутоголов, Евгений Гашенко, Михаил Шинкаренко және Александр Бережок «Дизель Шоу» комедиялық жобасын шығарады. Тұсаукесері 24 сәуір Киевте, Халықаралық мәдениет және өнер орталығында болды.

«Дизель Студио» 24 сәуір 2015 жылы Киевте өткен «Дизель Шоу»-дың концертінен кейін танымал болды.Годовщина основания «Дизель Студио» «Дизель Шоу»-дың командасына Егор Крутоголов, Евгений Сморигин, Марина Поплавская, Александр Бережок, Евгений Гашенко, Виктория Булитко, Яна Глущенко жатады.

2015 жылдан бері компания ICTV украиналық ұлттық арнасына арнап телевизиялық жобалар шығарып, «Дизель Шоу» концерттік бағдарламасын, «Дизель утро» бағдарламасын, «На троих» скетчін, «Папаньки» комедиялық сериалын өндіріп жүр.

Жобалар «Путёвая страна» (Жолдағы мемлекет) (2013) (ICTV) — бұл Дизель Студио компаниясының 20 сериядан тұратын алғашқы фильмі және алғашқы жобасы. 2014 жылы бұл жобаның жалғасы талқыланған болатын, бірақ ол сол күйі шықпады. «Мужской клуб» (Еркектердің клубы) (2014) (ICTV) — 30 желтоқсан 2014 жылы жаңа жылдың қарсаңында бұл жоба жарыққа шықты. «Дизель Шоу» (2015 — қазіргі күн) (ICTV) — «Дизель Студио» компаниясының ең басты жобасы. Бұл әртүрлі қойылым, скетчтер жиналған отбасылық жағдайларды, қарым-қатынасты, махаббатты, қоғамдағы оқиғаларды, саясатты көрсететін концерттік шоу. ICTV телеканалының өнімдерінің ішінде көп бөлігін құрайды.Рейтинги премьерных показов «Дизель-Шоу» Рейтинги «Дизель-Шоу» и «На троих!» при старте телесезона 2018/2019 «На Троих!» (Үш адамға арналған!) (2015 — қазіргі күн) (ICTV, СТС Love) — «Дизель Студио» компаниясының жеке, өзіндік өнімі. Бұл комедиялық скетч-шоуға, өмірлік комедиялық оқиғаларға бағытталған. Жобаның бұлай аталу себебі — кадрда тек үш қана кейіпкер пайда болады. «Дизель Утро» (Дизель Таң) (2015 — қазіргі күн) (ICTV) — «Дизель Студио» компаниясының жеке, өзіндік өнімі. «Утро в большом городе» («Үлкен қаладағы таң») таңғы эфиріндегі оқиғаларға күлкімен қарау тақырыбында жасалған. «Папаньки» (Әкелер) (2018 — қазіргі күн) (ICTV, СТБ) — «Дизель Студио» компаниясының алғашқы толыққанды телевизиялық комедия сериялы. Ең алғашқы түсірілімі 1 маусым 2017 жылы басталды. Бұл сериал төрт әкелердің қызыққа толы өмірі жайлы баяндайды. «Медфак» (2019) (Новый канал) — бұл дәрігер студенттерінің өмірі және оқуы жайлы баяндалатын жастар ситкомы. Тұсаукесері 26 тамызда Новый канал арнасында өтті.О съемках сериала «Медфак» «Выжить любой ценой» (Кез-келген жолмен аман қалу'') (2019) (ICTV) — тұсаукесері 11 қыркүйекте ICTV және YouTube арнасында өтті. Бұл «Дизель Студио»-дан жаңа ситком. «Дизель найт» (2021) (СТБ) — әр сенбі күні «СТБ» арнасында сағат 22:22 басталатын шоу.

Марапаттар 2016 — «Үздік комедиялық бағдарлама» санатындағы «Телетриумф» ұлттық телевизиялық жүлдесі.Победители главной телевизионной премии Украины «Телетриумф» 2016 2017 — «Дизель Шоу»-дың «Көктем көңілді» атты туры (15.03.2017 — 26.03.2017) Украина ұлттық рекордтар тізіміне «Комедиялық топтың бір турдың ішінде ең көп көлемдегі концерттер» ретінде енді: 39 концерт, Украинаның 27 қаласында.«Дизель-Шоу» установили рекорд Украины 2017 — YouTube-тың күміс марапаты. «Дизель Студио» арнасында 8 айдан кейін 100 мың жазылушы болды. 2017 — PromaxBDA Europe Awards қоласы. ICTV арнасы 2017 жылы еуропалық PromaxBDA Europe Awards атты байқауының қола иегері атанды.«Дизель-Шоу» в финале PromaxBDA Europe 2018 — «Дизель Студио» компаниясының ұжымы «Үздік таңғы/күндізгі ойын-сауық бағдарлама» (Дизель Таң), «Комедиялық бағдарламаның/шоудың үздік жүргізушісі» (Егор Крутоголов), «Үздік комедиялық бағдарлама» (Дизель Шоу) санаттары бойынша «Телетриумф» жүлдесіне номинацияланды.Номинанты премии «Телетриумф» 2018

Құрамы Құрушылар Егор Крутоголов Михаил Шинкаренко Александр Бережок Евгений Гашенко

Продюссерлер Михаил Шинкаренко Алексей Бланарь

Басты актерлер Александр Бережок Виктория Булитко Евгений Гашенко Яна Глущенко Егор Крутоголов Евгений Сморигин Дмитрий Танкович

Сергей Писаренко (2019 жылдан 2019 жылға дейін шықырылған қатысушы болды. Евгений Никишин (2019 жылдан) - 2019 жылға дейін шықырылған қатысушы болды. Дмитрий Танкович - 2019 жылдан бастап. Маруся Грицук - 2019 жылдан бастап.

Бұрынғы қатысушылар Виталий Гончаров — алғашқы екі шығарылымнан кейін шоудан шықты Ольга Арутюнян — Яна Глущенко декретте болғанда орнын алмастырды, Яна Глущенко оралғаннан кейін шоудан шықты Марина Поплавская — 2018 жылғы 20 қазанда қайтыс болды Олег Иваница — Марина Поплавская қайтыс болғаннан кейін шоудан шығуды шешті Максим Нелипа — 2019 жылы шоудан шықты Евгений Никишин — 2022 жылғы 24 ақпанынан кейін жұмыстан босатылды Сергей Писаренко — 2022 жылғы 24 ақпанынан кейін жұмыстан босатылды Марина Грицук — 2022 жылғы 24 ақпанынан кейін Киевтен көшіп кетті

Дереккөздер

Санат:Украина телекомпаниялары Санат:Дизель Студио