Медеубек Мақсат Сағатбекұлы - Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Қоры грантының иегері; Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, өнер докторы; «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі; «Kobyzbook» электронды оқу құралының (мобильді қосымша және веб сайт) авторы;
Өмірбаяны Медеубек Мақсат Сағатбекұлы 10 қаңтарда 1986 жылы Алматы қаласына дүниеге келді. 1994-2003 ж. – А.Жұбанов атындағы РМҚОМИ қылқобыз мамандығы бойынша КСРО Мәдениетінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері, доцент - Ә.Жұмабекұлының класына оқуға қабылданады. 2003-2004 ж. – К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ тәмамдап осы жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультетіне оқуға түседі. 2003-2005 - дарынды күйші, домбырашы Нұрсәт Бейсеқожамен бірлесіп «Нұрсәт пен Мақсат» атты домбыра мен қобыздан құралған дуэт құрады. «Нұрғали», «Аққу» атты туындыларды жарыққа әкеледі. 2004-2008 - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Сарын» фольклорлық – этнографиялық ансамблінде, «Үркер» тобында қобызшы, домбырашы ретінде өнер көрсетеді. 2008 ж. бастап – Б.Бекмұханбет, С.Нұрмолдаев, А.Арықбаевтармен бірге «Тұран» фольклорлық- этнографиялық ансамблін құрады. Гастрольдік сапарлармен Түркия, Украина, Австрия, Германия, Израиль, Испания, Корея, Египет, Франция, Венгрия, АҚШ, Лондон, Швейцария, Румыния, Индия, Тайвань, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан мемлекеттерінде болып, қазақ өнерінің шетелдерде насихатталуына үлес қосады. 2008-2010 жылы аталған оқу орнының магистратурасын тәмамдайды.
Білімі +Оқу орныФакультетОқу мерзіміҚұрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық КонсерваториясыХалық музыкасы факультеті (Бакалавриат)2004-2008Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық КонсерваториясыХалық музыкасы факультеті (Магистратура)2008-2010Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық КонсерваториясыХалық музыкасы факультетінің докторанты2017-2019
Мансабы 2006-2008 ж. – ГККП «Алматы әуендері», «Сазген сазы» ансамблінде қобызшы болып жұмыс істейді. 2009-2011 ж. - Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, ЭӨМС (ЭШСИ) қылқобыз мамандығы бойынша кішкентай бүлдіршіндерге дәріс береді. 2009 ж. - бүгінгі күнге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Қобыз және баян» кафедрасының қылқобыз мамандығы бойынша оқытушы қызметін атқарады. Дәріс беру барысында класс студенттері Халықаралық және Республикалық конкурстарда лауреат атанды. Олардың ішінде Ербол Мөлдір: «Шабыт», «Ықылас»; Закария Серік: Республикалық олимпиада; Қасенова Алина: «Шабыт», «Тәттімбет» конкурстарында лауреат атанды. 2013 ж. Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайының ғылым бөлімінің қызметкері болып қызмет істейді. Осы жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қосымша - қылқобыз аспабы бойынша дәріс береді. 2014ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында алғаш рет қыл-қобыз класы ашылып, қылқобыз мамандығы бойынша ұстаздық қызметін бастайды. 2015 жылы аталған оқу орнында аға оқытушы ретінде ұстаздық қызметін жалғастырады.
Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері
Магистратура бойынша ғылыми жұмысы: «Қылқобыз аспабының типологиясы» «Қазақтың ұлттық аспаптарының бірі нарқобыз және оны жетілдіру жолдары» Д.Нұрпейісованың 150-жылдығына арналған «Дәстүр және даму» халықаралық конференция жинағы «Қобыз және оны ұстау, тарту әдіс-тәсілдері» «Қобыз тарту өнерінің кейбір әдістемелік мәселелері» «Қазақ халқының ұмыт болған көне үрлемелі аспаптарының тағы бір түрі» «Дәстүрлі музыкалық мәдениет: өткені мен бүгіні» 2 халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. "Kobyzbook " электронды оқу құралы С. Медеубекұлының «Алатауым менің» атты ән-күй жинағы «Ішекті-ысқышты аспаптардың орындаушы қолында орналасуының сол қол техникасына тигізетін әсері» (қазақ қобызы, қырғыз қыл-қыяғы, қарақалпақ кобузы) «Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев, С.Үмбетбаевтардың қобыз тартудағы сол қол техникасы мен аспапты ұстау ерекшеліктері» «Қазақ, қырғыз,өзбек, қарақалпақ халықтарының қобыз тектес аспаптары: салыстырмалы-типологиялық зерттеу аспектілері» «Өзбек қобызы және оған арналған күйлер» «Еділ бойындағы татар, ноғай халықтарының мәдениетіндегі қыл-қобыз тектес аспаптары"
Жеке концерттері мен ұйымдастырушылық жұмыс +ЖұмысыОқиғаның орныОқиға орын алған күн«Нар толғау» атты нар қобыз аспабының тұсау кесері.Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның кіші залы25.11.2011Қазақ халқының ұмыт болған көне үрлемелі аспаптарының бірі «Мес сырнайды» қайта қалпына келтіру, атауын бекіту (белгілі орындаушылар мен ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел) -16.11.2015Мес сырнай аспабының тұсаукесеріЫқылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі23.11.2015«Бір күй бар тамырымда» Медеубек М.С. мен Бекмұханбет Б. жеке концерті.Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі13.05.2015Ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Бауыржан Өміржанұлы Жақып «Абайдың Қасқа Бұлағы» атты поэзия кеші.Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі25.11.2015Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Бес ғасыр жырлайды» тарихи танымдық кеш.Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі11.12.2015Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне рналған «Мәңгілік ел-мәңгілік сарын» атты дәстүрлі музыка концерті.Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі04.12.2015Абай Құнанбайұлына - 170 жылдығына арналған «Музей сахнасында Абай домбырасы!» атты әдеби-музыкалық кешЫқылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі25.12.2015«Бір күй бар тамырымда» атты концертЫқылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі13.05.2015«Kobyzbook» электронды оқу құралының (мобильді қосымша және веб сайт) тұсаукесеріҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының концерт залы15.03.2017С. Медеубекұлының 60 жасқа толуына орай шығармашылық кешіӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті03.11.2018
Марапат, сыйлықтары (халықтық, халықаралық) +Марапаттау, атақ, сыйлау атауыОрынЕлЖылАкадемик Ахмет Жұбанов атындағы жас және жеткіншек орындаушылар фестивалілауреат – 2 орынКазақстан Алматы қ.1999Гүлнафис Баязитова атындағы І – қалалық конкурс фестивалілауреат – 2 орынКазақстан Алматы қ.2001Жас орындаушылардың ХХIII Республикалық конкурсылауреат - 3 орынКазақстан Астана қ.2002Құрманғазы атындағы V Халықаралық халық аспаптарында орындаушылар конкурсылауреат - 3 орынКазақстан Астана қ.2003VI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалілауреат - 3 орынКазақстан Астана қ.2003Республикалық конкурс2 орын Казақстан Астана қ.2004«Асыл мұра» жобасы бойынша өткізілген Дәстүрлі музыка орындаушылардың ІІ сайысы2 орынКазақстан Алматы қ.2004«Асыл мұра» жобасы бойынша өткізілген Дәстүрлі музыка орындаушылардың ІІІ сайысы1 орынКазақстан Алматы қ.2005VIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалілауреат - 1 орынКазақстан Астана қ.2005«Мәңгілік сарын» дәстүрлі музыка фестивалінің «Нар қобыз» номинациясы1 орынКазақстан Алматы қ.2007Ықылас Дүкенұлы атындағы Халықаралық Қылқобызшылар конкурсылауреат – 2 орынКазақстан Тараз2008Қорқыт атындағы түркі тілдес мемлекеттердің дәстүрлі орындаушылық өнер фестивалі1 орынКазақстан Астана қ.2012Ерден Сандыбайұла атындағы І Республикалық қобызшылар байқауы2 орынКазақстан Жезқазған2014Тілеп Аспантайұлы атындағы ішекті-ыспалы аспаптарда орындаушылардың 2 Халықаралық байқауыБас жүлдеКазақстан Астана қ.2018
Сілтемелер http://kobyzbook.kz/Author http://www.conservatoire.kz/kz/structure/faculties/Medeubek-kaz2/ https://100janaesim.ruh.kz/participants/2019/maksat-mederbek.html