Әурет немесе ғаурат () — шариғат бойынша адам денесінің киіммен жабылуы тиіс бөліктері. Жұрттың алдында әурет жерлерді жауып жүру мұсылманның міндеті саналады, әуретті ашу — күнә. Әйел адамдардың беті мен қолдарының ұшынан басқа жерлері әурет болып есептеледі. Ер мұсылмандар тізе мен кіндік арасындағы денесінің бөлігін жауып жүруге міндетті. Ислам дініндегі әр түрлі мектептер мен ағымдарда әурет туралы түсініктер сәл өзгеше болуы мүмкін.

Ыбырай Алтынсарин өзінің «Мұсылманшылықтың тұтқасы (Шариат-ул-Ислам)» еңбегінде әурет туралы былай деп жазған:

Дереккөздер

Санат:Ислам терминдері