Иван Пешич (хор. Ivan Pešić; 6 сәуір 1992 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/115133, Шибеник, Хорватия) — хорватиялық футболшы, "Қайсар" клубының жартылай қорғаушысы. Карьерасы Карьерасын "Хайдук" клубында бастады. Кейін Аустрия және Хорватия клубтарында доп тепті. 2012 жылы "Аустрия Клугенфурт" клубына ауысқанымен, бір де бір ресми кездесуде алаңға шыққан жоқ.

2018 жылы "Динамоға" (Бухарест) ауысты.

2019 жылы қаңтар айында "Динамо" (Бухарест) клубынан Қарағандының "Шахтерына" жалға берілді. Кеншілер сапында бір маусым ойнады да, 2019 жылы қарашада "Динамоға" қайта оралды.

2020 жылдың басында "Қайсарға" ауысты. 29 ақпан күні "Астанамен" өткен суперкубокта "Қайсар" сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Бұл ойында "Қайсар" 0:1 есебмен ұтылды. Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі Футболшының профилі []

Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хайдук Сплит ФК ойыншылары Санат:Задар ФК ойыншылары Санат:Сплит ФК ойыншылары Санат:Динамо Бухарест ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары