Марсио Рафаэл Феррейра де Соуза (; 7 қыркүйек 1985 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/33947, Лондрина, Парана), Рафинья ретінде көбірек танымал () — бразилиялық футболшы, қорғаушы.

Карьерасы

Клубтық Бразилия чемпионатында тұңғыш рет 2004 жылы 19 жасында "Коритиба" сапында алаңға шықты. 2005 жылы жазда "Шалькеге" ауысты. Алғашқы маусымда-ақ негізгі құрамға орнықты, 2006/07 жылғы маусымда "Шальке" сапындағы тұңғыш голын соқты.

2010/11 жылғы маусымды "Дженоада" өткізді.

2011 жылы 1 шілдеде "Бавариямен" үш жылдық келісім шарт жасасты. "Бавария" сапында 2013-19 жылдары үзіліссіз жеті рет Германия чемпионы атанды.

2019 жылы жазда "Фламенгоға" ауысып, қараша айында "Либертадорес" кубогын ұтып алды.

Құрама 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.

Кейін Ұлттық құрама сапында төрт кездесу ғана өткізді.

Жетістіктері

Парана штатының чемпионы (2): 2003, 2004 Бразилия чемпионы (1): 2019 Германия чемпионы (7): 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 Германия кубогы (3): 2012/13, 2013/2014, 2015/16 Германия суперкубогы (3): 2012, 2016, 2018 УЕФА Чемпиондар лигасы (1): 2012/2013 УЕФА суперкубогы (1): 2013 Либертадорес кубогы (1): 2019 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (1): 2013 Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (1): 2008

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК ойыншылары