«Фортуна» () — Германияның Дюссельдорф қаласындағы футбол клубы, қазіргі күнде Германия Бундеслигасында ойнайды. Өз алаңындағы ойындарын "Эсприт Аренада" өткізеді.
Тарихы 1895 жылы Turnverein Flingern («Турнферайн Флингерн») деген атаумен құрылды. 1913 жылы қаладағы тағы екі команда — "Фортуна" мен "Дюссельдорф" өзара бірікті де, «Дюссельдорфер Фусбалл-Клуб Фортуна 1911» деп аталды. 1919 жылы жоғарыда аталған «Турнферайн Флингерн» осы «Дюссельдорфер Фусбалл-Клуб Фортуна 1911» клубымен тағы да бірікті де, қазіргі атауына ие болды.
Жетістіктері
Германия чемпионы (1): 1933 Германия кубогы (2): 1979, 1980 Кубок иелері кубогының финалисі (1): 1979
Атақты футболшылары
Клаус Аллофс Томас Аллофс Юпп Дерваль Уве Ран Тони Турек Эрих Юсковяк Дмитрий Булыкин Игорь Добровольский Сергей Юран Дарко Панчев Андрей Воронин
Сілтемелер Ресми сайт Фортуна (Дюссельдорф)
Санат:Германия футбол клубтары