«Транссібір экспресі» — толық метражды көркем фильм. 1977 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
Сюжеті 1927 жылы Мәскеуге Кеңестік Ресеймен сауда келісімін бастау ниетімен транссібір экспресімен келе жатқан ірі жапон кәсіпкері Сайтоны шетел тыңшыларымен өлтіруін алдын алған кеңес чекистері туралы шытырман оқиғалы фильм.
Бұл операцияны Харбинде қытайлық саудагер пен әртіс Фан Ю-Чунь атымен өмір сүрген тәжірибелі кеңестік барлаушы Қасымхан Шадияров басқарып, жүзеге асырды .
Рөлдерде Қасымхан Шадияров — Асанәлі Әшімов Демидова ханым — Нонна Терентьева Федотов — Олег Табаков Сайто мырза — Мен Дон Ук Шнайдер — Константин Григорьев Исидо — Олег Ли Айжан — Наталья Арынбасарова Андрей — Олег Видов Федотов көмекшісі — Вадим Захарченко Любушка — Нина Алисова
Марапаттары 1978 ж. Ереван қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда "ең үздік шытырман оқиғалы фильм үшін" сыйлығы мен 21-Халықаралық кинофестивальда (Карловы Вары, 1978) - Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің симпозиумы қазылар алқасының сыйлықтарына ие болды.
1978 ж. режиссер Оразбаевқа, суретші Қарсақбаевқа Қазақстан Мемлекет сыйлығы берілді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:КСРО шытырман оқиғалы фильмдері Санат:КСРО атыс-шабыс фильмдері Санат:КСРО әскери фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері