Джанлука Пессотто (итал. Gianluca Pessotto; 11 тамыз 1970, Latisana, Италия ) — италиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Карьерасының басым бөлігін "Ювентус" сапында өткізген. 1998 жылы әлем чемпионатына, 2000 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Футбол ойнауды аяқтағаннан кейін «Ювентус» жастар секторының ұйымдастыру менеджері болып жұмыс істеп келеді .

2006 жылғы 27 маусымда Джанлука Пессотто 15 метрлік биіктіктен «Ювентус» кеңсесінің терезесінен құлап, ауыр жарақат алды. Баспасөзде бұл «А» сериясындағы сыбайлас жемқорлық жанжалына байланысты өзін-өзі өлтіру әрекеті болды деген болжамдар пайда болды, бірақ кейіннен Пессотто бұл оқиғаны кездейсоқ жәйт деп атады.

Жетістіктері

Командалық

Ювентус

Италия чемпионаты : 1996/97, 1997/98, 2001/02, 2002/03 Кубогы жеңімпазы Италия : 1994/95 Италия Суперкубогының жеңімпазы : 1995, 1997, 2002, 2003 жж УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы : 1995/96 УЕФА Суперкубогының иегері : 1996 ж Құрлықаралық кубоктың иегері : 1996 ж Интертото кубогының иегері : 1999 ж

Италия құрамасы

Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері : 2000 ж

Жеке

Гаэтано Ширея сыйлығының лауреаты: 2006 ж

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Италия футболшылары Санат:11 тамызда туғандар Санат:Варезе ФК ойыншылары Санат:Болонья ФК ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Торино ФК ойыншылары