Питер Осазе Одемвингие (; 15 шілде 1981https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/12516, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — нигериялық футболшы, шабуылшы. Африка Ұлттары кубогының үш дүркін қола жүлдегері, 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Карьерасы Өзбекстанның астанасы Ташкентте дүниеге келген. 1993 жылы анасы және әпкесімен бірге Набережные Челны қаласына қоныс аударып, КАМАЗ футбол академиясына қабылданды.

1995-98 жылдары Мәскеудің ЦСКА жастар клубына қабылданды, бірақ клуб басшылары бұдан үлкен үміт күте қоймай, 1998 жылы тарихи отаны Нигерияға аттанып, кәсіпқой карьерасын сонда бастады.

Кейін Бельгия, Франция, Ресей, Англия клубтарында ойнады.

2007 жылы Ресейге оралып, "Локомотивте" үш маусым ойнады.

2010, 2014 жылдары әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық «Ла Лувьер»

Бельгия кубогы: 2002/03

Жеке

Нигериядағы жыл футболшысы: 2009 Англия Премьер лигасының үздік футболшысы (3): қыркүйек, сәуір (2010/11), ақпан (2011/12)

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Нигерия футболшылары Санат:Нигерия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ла Лувьер ФК ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК ойыншылары Санат:Кардифф Сити ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары