Киев облысы (), ауыз. Киевщина () — Украинаның орталығында орналасқан әкімшілік бірлік. Облыс орталығы — Киев қаласы — әкімшілік жағынан оның құрамына кірмейді. Ең ірі қаласы — Белая Церковь, басқа да ірі қалалары — Бровары, Ирпень, Борисполь, Фастов, Вишневое, Васильков, Буча, Боярка, Обухов, Вышгород, Переяслав, Яготин, Березань, Богуслав, Кагарлык және Мироновка.
Батысында Житомир облысымен, оңтүстік-батысында — Винница облысымен, оңтүстігінде — Черкассы облысымен, шығысында — Чернигов облысымен, оңтүстік-шығысында — Полтава облысымен шектеседі. Солтүстігінде Беларустің Гомель облысымен шектеседі.
Физикалық-географиялық сипаттамасы Ауданы — 28 121 км². Халқы — 1 722 875 адам (1 шілде 2013 жыл), соның ішінде қала халқы 1 066 812 адам (61,92 %), ауыл халқы 656 063 адам (38,08 %). Орталығы — Киев () қаласы, Украина астанасы (мемлекеттік маңызы бар қала).
Географиясы Днепрдің орта ағысында, негізінен оның оң жағалауында орналасқан. Облыстың солтүстік бөлігі Полесье ойпатында орналасқан. Шығыс (сол жағалаулық) бөлігі Днепр маңы ойпатында орналасқан (облыс аумағындағы теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 100—140 м). Орталық және оңтүстік-батыс бөліктері өзен аңғарлары мен жыралар тілімдеген, белесті-жазық Днепр маңы қыратының аумағында орналасқан (теңіз деңгейінен 273 м-ге дейін).
Дереккөздер
Санат:Киев облысы Санат:Украина облыстары