Стивен Шарль Бергвейн (; 8 қазан 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/284165, Амстердам, Нидерланд) — нидерландылық футболшы, Нидерланд Ұлттық футбол құрамасы мен "Тоттенхэм Хотспур" клубының шабуылшысы.

Карьерасы

Клубтық "Аякс" және ПСВ клубтарының түлегі. 2014 жылы ПСВ сапындағы алғашқы ойынын 29 қазанда "Алмере Ситиге" қарсы өткізді. Бұл Нидерланд кубогы кездесуі болатын. 2015 жылы 10 қазанда Эредивизидегі тұңғыш ойынын "Хераклеске" қарсы өткізді.

2015 жылы 8 желтоқсанда Мәскеудің ЦСКА клубына қарсы матчта Чемпиондар Лигасындағы тұңғыш кездесуіне қатысты.

Ал ПСВ сапындағы тұңғыш голын 2016 жылы 20 тамызда "Зволле" қақпасына соқты.

2020 жылы қаңтарда "Тоттенхэмге" ауысты. Трансфер құны 32 млн. еуроны құрады.

Ұлттық құрама 2018 жылы 13 қазанда УЕФА Ұлттар Лигасындағы Германиямен ойында тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2019 жылы осы турнирдің финалисі атанды.

Жетістіктері

Нидерланд чемпионы: 2014/15, 2015/16, 2017/18 Нидерланд суперкубогы: 2015, 2016

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (footballdatabase.eu)

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары