Рамадан Собхи (; 27 маусым 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/312017, Каир, Мысыр) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Ахли" клубының шабуылшысы.

Карьерасы "Әл-Ахли" клубының түлегі. 2014 жылы кәсіп қой карьерасын бастады. 2014 жылы 6 ақпанда "Газль-Эль-Махалла" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.

2016-19 жылдары Англияның "Сток Сити" және "Хаддерсфилд Таун" клубтарында ойнап, туған клубына қайта оралды.

Мысырдың бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамада 2015 жылы тұңғыш рет алаңға шықты. 2017 жылы Африка Ұлттары кубогына, келесі жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық

Мысыр чемпионы: 2013/2014, 2015/2016 Мысыр суперкубогы: 2014, 2015 КАФ Конфедерациялар кубогы: 2014

Халықаралық

Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Мысыр футболшылары Санат:Мысыр Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Әл-Ахли Каир ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Хаддерсфилд Таун ФК ойыншылары