Василий Иванович Смирнов (11.2.1899, Ресей, Ярославль губерниясы, Рожалова селосы — 2.7.1972, Свердловск қаласы (қазіргі Екатеринбург) — металлург, техника ғылымдарының докторы (1946), профессор (1983), Қазақстан ҒА-ның академигі (1954), Ресейдің еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1961).

Еңбек жолы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген (1922). 1922—1930 жылдары металлургия өнеркәсібінде басшылық қызметтер атқарды. 1930 жылдан Орал политехникалық институтында кафедра меңгерушісі 1946—1972 жылы Қазақстан ҒА Металлургия және кен байыту институтында директордың орынбасары болды.

Еңбектері Негізгі ғылыми зерттеулері мыс өндірудің жаңа технология әдістерін табу, өндіріске енгізу, Орал мен Қазақстанның (Балқаш, Жезқазған металлургия комбинаттарында) металлургия кәсіпорындарын дамыту мәселелеріне арналған. Пирометаллургия меди, Свердловск, 1933

Отражательная плавка, М., 1952

Металлургия меди, М., 1974. Марапаттары Ленин ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені медальдар.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:11 ақпанда туғандар Санат:1899 жылы туғандар Санат:Ярославль губерниясында туғандар Санат:2 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:Екатеринбургте қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербург тау-кен университеті түлектері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:РКФСР-дің еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткерлері Санат:КСРО металлургтері Санат:Широкореченск зиратында жерленгендер Санат:Орал мемлекеттік техникалық универститеті оқытушылары