Мұхаммед әл-Қаһир (; 900, Бағдат — қазан 950, Бағдат) — Ислам халифатының 38-ші халифасы, мүміндердің әмірі.

Өмірбаяны Әл-Мұқтадир өлтірілген соң, Мұғнис Әбул-Аббас Ахмедтің баласын халифа ретінде тағайындағысы келді. Бірақ тым жас болғандықтан және көпшіліктің қарсы шығуынан қауіптеніп қатты қаламаса да Мұхаммед әл-Қаһир ибн Әли әл-Мүктәфиге серт берілді.

Әл-Қаһирдің мінезі нашар болатын. Халифалығының алғашқы айларын әл-Мұқтадирдің балаларын іздестіруге жұмсады. Тіпті әл-Мұқтадирдің төсек тартып жатқан анасын да азаптап, оның дүние мүлкіне қол салудан да тартынған жоқ.

Әл-Қаһир Мұғнистің әскерін де оған қарсы қоюға тырысты. Оның осындай сорақылықтарына байланысты мемлекеттің алдыңғы қатарлы тұлғалары әл-Қаһирді тақтан алыстатуға шешім шығарды. Бірақ әл-Қаһир ебіп тауып олардың барлығын өлтіреді.

Әл-Қаһир дұшпандарынан тек қана уәзір Ибн Мүклә мен Хасан ибн Һәрунды ғана орнынан алған жоқ. Бұл екеуі де әскербасыларына хат жазып, оның жамандығы мен қиянатын баяндады. Оның сарайына жасалған шабуылдың нәтижесінде әл-Қаһир қолға түсіп, өлтіріледі. Осылайша оның өлімімен бірге жамандықтары да құрыдыШабан Өз. Ислам тарихы — Алматы: Ернар Есімқұлов, 2018 ISBN 978-601-7929-37-4.

Дереккөздері

Санат:Аббас әулетінің халифтері Санат:Ирактық Аббасилердің халифалары