Сергей Павлович Балтача (17 ақпан 1958, Жданов, Сталин обл, Украин КСР, КСРО) — КСРО және Украина футболшысы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы Екі дүркін жастар арасындағы Еуропа чемпионы. КСРО ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

1982 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Жаңа Зеландияның қақпасына әлем чемпионаттары тарихындағы 1200-ші голды соқты. Бұл ойында КСРО 3:0 есебімен жеңіске жетті.

1988 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Кейін бапкерлікпен айналысып, бірнеше клубта бапкер көмекшісі боп қызмет атқарды.

Жетістіктері

Командалық Динамо (Киев)

КСРО чемпионы (4): 1980, 1981, 1985, 1986 КСРО кубогы (4): 1978, 1982, 1985, 1987 КСРО Суперкубогы (3): 1981, 1986, 1987 Кубок иелері кубогы (1): 1986

КСРО құрамасы

Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1977 Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1980 Олимпиаданың қола жүлдегері: 1980 Еуропа чемпионатының Вице-чемпионы: 1988

Жеке

КСРО-ның үздік 33 футболшысының тізіміне енген (7): № 1 (1981—1985) — 5 раз, № 2 (1978, 1980, 1986) КСРО спорт шебері: 1977 КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері: 1986

Отбасы

Әйелі — Ольга Балтача — бессайыс пен жетісайыстан Олимпиадаға қатысқан. Қазір онымен ажырасқан, ол Лондонда тұрады. Ұлы — Сергей де футболшы. Қызы — Елена — теннисистка (2014 жылы 4 мамырда 31 жасында қайтыс болды).

Сілтемелер Профилі Биографиясы

Санат:17 ақпанда туғандар Санат:КСРО футболшылары Санат:Украина футболшылары Санат:Украина футбол жаттықтырушылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Ипсвич Таун ФК ойыншылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері