Шабатұлы Мәмбетбай (1864, қазіргі Ақмола облысы Атбасар ауданы — 1916, Қарағанды облысы Жезді кенті) — Орталық Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. 1916 жылғы Маусым жарлығына қарсы бүкіл ел көтерілгенде Қарсақпай, Байқоңыр, Жезқазған жұмысшыларынан, Қарақойын, Қашырлы бойындағы елдерден жиылған жасақты бастап, Амангелді Иманов қолына қосылды. Шабатұлы жасағы патша әскерлерінің Атбасардан шыққан жазалаушы тобына Қаражарда, Қыпшақ өзені бойында соққы берді. Бірақ күші басым жауға төтеп бере алмай, Терісаққан бойында бірнеше жолдастарымен бірге ерлікпен қаза тапты."Қазақ Энциклопедиясы", 18 том

Дереккөздер

Санат:1864 жылы туғандар Санат:Ақмола облысында туғандар Санат:1916 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері