Лох-Несс (ағыл. Loch Ness, шотл. Loch Nis) — Инвернесстен 36 км оңтүстік-батысқа созылған, Шотландиядағы ең терең тұщы сулы көл.
Көл Лохнесс құбыжығы аңызының арқасында әлемге кеңінен танымал. Көлдің бойында көркем табиғатты жақсы көретін және мифтік құбыжықты көруді қалайтын туристер үшін көптеген коммерциялық бағыттар бар.
Лох-Несс – Инвернессден Форт-Уильямге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай Грейт-Гленның геологиялық жарылымы бойындағы ең үлкен су қоймасы. Көл – Шотландияның батыс және шығыс жағалауларын байланыстыратын Каледондық каналдың бір бөлігі.
Лох-Несс Шотландияның осы бөлігіндегі көптеген көлдер сияқты, мұздан шыққан. Көл – өте ұзын және терең, ал шымтезек пен түптің көп болғанының салдарынан, оның суы өте лас.
Лох-Несс Шотландия көлдерінің арасында су бетінің ауданы бойынша екінші орын алады: оның ауданы 56 км². Сонымен қатар ол судың көлемі бойынша бірінші орында, өйткені ол басқа көлдерге қарағанда тереңірек. Көлдегі тұщы су Англия мен Уэльстегі тұщы судан көбірек. Көлдің максималды тереңдігі - 230 м.
Көл – Ұлыбританияның ұлттық электр торабының бөлігі болып табылатын «Фойерс» гидроэлектрстанцияларының каскаданың бір бөлігі.
Оңтүстік-батыс шетінде, Форт-Август қаласының маңында, көлдің жалғыз аралы орналасқан. Көлде жасанды аралдар да бар, олар кранног деп аталады.
Көлдің жағасында Лохнесс құбыжығының мұражайы орналасқан.
Тағы қараңыз Лох-Морар
Сілтеме Tony Harmsworth’s Loch Ness Information Site Loch Ness Guide Loch Ness суреттері Google Map on Loch ness Nessie & Loch Ness links
Санат:Шотландия көлдері Санат:Хайленд географиясы