Мальта Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Мальтаның намысын қорғайтын құрама команда. УЕФА және ФИФА мүшесі. Басқарушы орган - Мальта Футбол Қауымдастығы. Қазіргі (ақпан, 2018) бапкері - бельгиялық Том Саинтфит
Тарихы Мальтада футбол сонау 19-ғасырда пайда болған болса да, елдің ұлттық құрамасы алғашқы ойынын 20 ғасырдың 50-жылдарында өткізген. Алғаш қатысқан ірі турнирі - 1964 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі. Алғашқы раундта-ақ Даниядан екі кездесу қорытындысы бойынша 2:9 (1:6, 1:3) есебімен ойсырай ұтылған.
Әлем чемпионатының іріктеулеріне 1968 жылдан бері қатысып келеді. Осы турнирде 98 ойын өткізіп, не-бары екі кездесуде ғана жеңіске жеткен. 1993 жылы 12 мамырда Эстонияны, 2013 жылы 7 маусымда Арменияны 1:0 есептерімен ұтыпты. Еуропа чемпионаттарының іріктеулерінде көрсеткен нәтиже де осы шамалас: 102 ойынның үшеуінде ғана жеңіске жеткен.
Қызықты фактілер ЕУРО-84 іріктеуінің соңғы турында (21 желтоқсан, 1983 жыл) Мальта құрамасы испандармен кездесті. Бірінші орындағы Нидерландыны басып озу үшін Испания құрамасы 11 доп айырмасымен ұтуы шарт еді. Матч 12:1 есебімен Испанияның жеңісімен аяқталды. Нидерланд тарапының шағымымен УЕФА өкілдері матчты қанша тексерсе де, "келісілген матч" дейтіндей ешбір себеп таппапты. Бұл — Мальта құрамасының тарихтағы ең ірі жеңілісі боп жылнамада жазылып қалды. Ірі турнирлердегі көрсеткіштері ӘЧ іріктеулерінде ҚұрамаҚатысуОҰТЖСДЖД+:-998298732290-258
ЕУРО іріктеулерінде ҚұрамаҚатысуОҰТЖСДЖД+:-111023148549288-239
Сыртқы сілтемелер Мальта құрамасы жайлы ФИФА сайтында Мальта құрамасының барлық кездесулері
Санат:Мальта Ұлттық футбол құрамасы