Жаңа Зеландия Ұлттық футбол құрама командасы — Халықаралық футбол жарыстарында Жаңа Зеландияның атынан сынға түсетін футбол құрамасы. Басқарушы орган — Жаңа Зеландия Футбол Қауымдастығы. Тарихы Мұхиттық Аралдар Футбол Конфедерациясы және ФИФА мүшесі. ОФК Ұлттар кубогының бес дүркін чемпионы (1973, 1998, 2002, 2008, 2016). Әлем чемпионатына екі рет қатысқан (1982, 2010). Алғашқы матчын 1922 жылы 17 маусымда Аустралияға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Құрамада ең көп ойын өткізген футболшы Иван Виселич (88).
Әлем чемпионаттарында 1982
Шотландия — Жаңа Зеландия — 5:2 (Стив Самнер, Стив Вудин) КСРО — Жаңа Зеландия — 3:0 Бразилия — Жаңа Зеландия — 4:0 (алтыншы топта соңғы орында қалды)
2010
Cловакия — Жаңа Зеландия — 1:1 (Уинстон Рид) Италия — Жаңа Зеландия — 1:1 (Шейн Смелтс) Парагвай — Жаңа Зеландия — 0:0 (алтыншы топта үшінші орында қалды)
ОФК Ұлттар кубогы ЧЕМПИОН: Жаңа Зеландия-1973 ҚОЛА МЕДАЛ: 1996 ЧЕМПИОН: Аустралия-1998 КҮМІС МЕДАЛ: Таити-2000 ЧЕМПИОН: Жаңа Зеландия-2002 ҚОЛА МЕДАЛ: Аустралия-2004 ЧЕМПИОН: 2008 ҚОЛА МЕДАЛ: Соломон аралдары-2012 Сілтемелер Жаңа Зеландия футбол федерациясының ресми сайты
Санат:Жаңа Зеландия Ұлттық футбол құрамасы