Патария (итал.Pataria) – 11 ғ-дың 2-жартысында Солтүстік Италия қалаларында болған халық қозғалысы. Қозғалыс дін иелері мен феодалдарға қарсы бағытталды. Негізгі орталығы Милан болды. Миланда, Брешиде, Пармда, Пьянченцте көтерілісшілердің феодалдарға, дін басшыларына қарсы қарулы қақтығыстары болып өтті. Көтерілісшілерді ұсақ феодалдар - вальвассорлар қолдады. 11 ғ-дың 80 жылдары көтеріліс жеңіліске ұшырады. II 11 ғ. аяғы - 12 ғ. басында Солтүстік Италия қалаларында коммуналардың құрылуына ықпал жасады.Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 9-ші том.1976
Дереккөздер
Санат:Италия тарихы Санат:Катаризм