Клара Шайсұлтанқызы Хафизова (24 сәуір 1939 жыл, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1995), профессор (1998), шығыстанушы ғалым,1964 ж ТашМУ-ды,1973 ж КСРО ҒА Шығыстану интының аспирантурасын бітірген.

Өмірбаяны Ташкент мемлекеттік университетін (1964) және КСРО ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын (1973) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтында кіші ғылыми қызметкер (1969–1970) Қазақстан ғылым академиясының Ұйғыртану институтында аға ғылыми қызметкер (1974–1990) ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (1990–1994) Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жетекші ғылым қызметкер, бөлім бастығы (1995–1998) «Қайнар» университеті стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталықтарының директоры (1998–2005) болды. 2005 жылдан «Қайнар» университеті жанындағы қазақ тарихы мен өркениеті институтының директоры қызметін атқарады.

Еңбектері «14–19 ғасырлардағы Қытайдың Орта Азиядағы дипломатиясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:24 сәуірде туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Оралда туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының профессорлары