Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы ТМҚХ байрағы Штаб-пәтері Нумеа, Жаңа Каледония Негізделді 1947 Ресми сайт http://www.spc.int/ Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы () — аймақтық үкіметаралық ұйым, Океанияның 22 мемлекеті және аумағы мүше болып табылады, сонымен қатар 4 ел-бастамашы (Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Франция). ТМҚХ-ның негізгі мақсаты Тынық мұхиты халықтарының техникалық, кәсіби, ғылыми, зерттеу және олардың басқарма әлеуетін жоғарлату, сонымен қатар олардың болашақтағы дамуын және әл-ауқатын жақсарту мәселелерінде келісілген шешімдерге қол жеткізу мақсатында ақпаратпен және консультациялық көмекпен қамтамасыз ету.. Ұйымның штаб-пәтері Жаңа Каледонияның әкімшілік орталығы Нумеа қаласында орналасқан.

Тарихы Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы 1947 жылы Оңтүстік тынық мұхит комиссиясы () ретінде осы аймақта өз мүдделері бар 6 мемлекетпен негізделді: Австралиямен, Ұлыбританиямен, Нидерландымен, Жаңа Зеландиямен, АҚШ-пен, Франциямен.

ТМҚХ-ның құрылтай құжаты Канберра шарты болып табылады.

Ұйым мүшелері Тынық мұхит аралдарына қызығушылықтың төмендеуі немесе оңтүстік тынық мұхит елдеріне басқа салаларда көмек көрсету ықыласына байланысты ТМҚХ-ның екі мемлекет-бастамашысы ұйымнан шықты: Ұлыбритания (1995—1998 және 2005) және Нидерланд (1962 жылы).

1969 жылға дейін ТМҚХ Нидерланд Ост-Үндістанның (қазір Ириан-Джая) мүддесіне өкілдік етті, бірақ Индонезиямен аннексияланғаннан кейін, бұл аумақ ұйым мүшесі ретінде болуды тоқтатты.

Негіздеуші елдер Тынық мұхит елдері мен аумақтары Питкэрн аралдары

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Канберра шарты

Санат:Халықаралық ұйымдар