Берік Мәжитұлы Имашев (7 маусым 1960, Алматы) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, әділет министрі (2012—2016), https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31109689#sub_id=0 орталық сайлау комиссиясының төрағасы (2016—2022). https://www.akorda.kz/kz/legal_acts/decrees/bm-imashevty-kazakstan-respublikasy-ortalyk-sailau-komissiyasynyn-toragasy-kyzmetine-tagaiyndau-turaly Дариға Назарбаеваның құдасы. https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_berik_imashev_dariga_nazarbaev/28027994.html https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-imashev-almaty/31670426.html
Қысқаша өмірбаяны 1982 ж. Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Университетті тәмамдағаннан кейін аудандық прокуроратураның тергеушісі Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші аудан прокуроры Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының басқарма бастығы Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 1994—1997 жж. «Казкоммерцбанк» акционерлік банкінің басқарма төрағасының орынбасары Мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары салық полициясы басқармасының бастығы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары. 1997 ж. мамыр — 1998 ж. сәуір аралығында жеке заң фирмасының басшысы. 1998—1999 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы. 1999—2000 жж. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы. 2001—2003 жж. «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ президенті. 2003—2005 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары. 2005 ж. мамыр — қазан айлары аралығында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасы төрағасының қызметін атқарды. 2005 ж. қазан айынан 2007 ж. қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 12 қаңтар 2007 жылы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2008 жылдың ақпанынан тамызына дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы 20 наурыз 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Әділет министрі.
Әскери атағы Әскери атағы - полковник.
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Адайбекова Ләйлә Мұханбетқызы.
Қыздары - Аида (1984 жылы туған), Әдия (1999 жылы туған);
ұлы - Әлжан (1987 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Марапаттары «Құрмет» ордені (2005)
Ю. Семенов атындағы Халықаралық қордың «Детектив және саясат» сыйлығы (1990 ж.)
екі медальмен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан әділет министрлері Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары