нобай

Ричард Дэвид Бах ( 23 маусым, 1936 жыл) - америкалық жазушы, философ, прозашы, публицист, 60 жылдан астам ұшу тәжірибесі бар кәсіби ұшқыш және АҚШ Әскери-әуе күштерінің отставкадағы капитаны. Бах «Чайка по имени Джонатан Ливингстон» (Jonathan Livingston Seagull) повесі арқылы әлемге танылды.

Өмірбаяны Ричард Бах 23 маусымда, 1936 жылы Оук-Парк қаласында, Иллинойс штатында дүниеге келген. Кейбір дереккөздерге сенетін болсақ, Ричард Бах композитор Иоганн Себастьян Бахтың алыс ұрпағы болып келеді. Ол Калифорния штатындағы Лонг-Бич университетінде оқыған. АҚШ әуе күштерінде F-84F - тың пилоты болып қызмет еткен. Кейінірек ол әуеде әртүрлі трюктер орындаған. Бұл жазушының көптеген шығармалары ұшу тақырыбында жазылған. Жазушыға әдеби даңқ әкелген 1970 жылы жарық көрген «Чайка по имени Джонатан Ливингстон» шығармасы. Бұл шығарма 1974 жылы ҚСРО - да «Шетел әдебиеті» журналының 12 басылымында халық назарына ұсынылған. Бах бірнеше рет жанұялы болған. Бірінші некеден ол алты баланың әкесі атанды. 1970 жылы ажырасқан. «Jonathan Livingston Seagull» фильмінің түсірілімінде Бах Лесли Пэриш атты актрисамен танысып, 1981 жылы үйленді. Лесли жазушының «Мост через вечность», «Единственная», «Бегство от безопасности» атты кітаптарында басты кейіпкер атанды. 90 жылдарда олар ажырасып, 1999 жылдың сәуір айында Бах Сабрина Нельсон-Алексопулос атты әйелге үйленді. 2012 жылдың 31 тамызында шағын ұшаққа мініп, шөп төселген ҰҚЖ-ға қонуға тырысты, бірақ электр желісінің сымдарына ілініп қалып қона алмады. Үзілген сымдар өрттің шығуына себеп болды. Ричард Бахты ұшақ құлаған жерде үзілген сымдардың арасынан туристтер тауып алып, әрең құтқарып қалды.

Шығармалары Stranger to the Ground / Чужой на Земле (1963) Biplane / Биплан (1966) Nothing by Chance / Ничто не случайно (1969) Jonathan Livingston Seagull / Чайка по имени Джонатан Ливингстон (1970) A Gift of Wings / Дар крыльев (1974) There’s No Such Place As Far Away / Нет такого места — «далеко» (1976) Illusions: The Adventures of a Reluctant Messiah / Иллюзии, или Приключения Мессии поневоле (1977) The Bridge Across Forever / Мост через вечность (1984) One / Единственная (1988) Running from Safety / Бегство от безопасности (1994) Out of My Mind / За пределами моего разума (1999) Flying / Полёт (2003) — переиздание в одном сборнике произведений «Чужой на Земле», «Биплан» и «Ничто не случайно» Messiah’s Handbook / Карманный Справочник Мессии (2004) The Ferret Chronicles: / Хроники хорьков: Air Ferrets Aloft / Хорьки в поднебесье (2002) Rescue Ferrets at Sea / Хорьки-спасатели на море (2002) Writer Ferrets: Chasing the Muse / Хорьки-писатели: В погоне за Музой (2002) Rancher Ferrets on the Range / Хорьки-ранчеры (2003) The Last War: Detective Ferrets and the Case of the Golden Deed / Последняя война: Хорьки-сыщики и Дело о Золотом Подвиге (2003) Curious Lives: Adventures from the Ferret Chronicles / Приключения Хорьков (қазан 2005, однотомный сборник предыдущих заметок о хорьках) Hypnotizing Maria / Гипноз для Марии (2009) Thank Your Wicked Parents: Blessings from a Difficult Childhood (2012) Travels with Puff: A Gentle Game of Life and Death / Путешествия с Пафф: Нежные игры жизни и смерти (2013) Illusions II: The Adventures of a Reluctant Student (2014) / Иллюзии II. Приключения одного ученика, который учеником быть не хотел (2014) Part-Time Angels: and 75 Others (2015) / Ангелы на полставки (2015) Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер http://bookmix.ru/authors/index.phtml?id=79 http://bookmix.ru/authors/index.phtml?id=79

Санат:23 маусымда туғандар Санат:1936 жылы туғандар Санат:Оук-Паркте (Иллинойс) туғандар Санат:Ричард Бах Санат:XX ғасырдағы АҚШ жазушылары Санат:XXI ғасыр жазушылары Санат:АҚШ ұшқыштары