Ханшаболған – Торғай алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы және Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі жерімен ағады.

Бастауы Төрткіл (360 м) тауының етегіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Есентұр қыстауының тұсында Сарыторғай өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 55 километр, 7 саласы бар, олардың ірілері: Қияқсай, Тоғайрық, Жылқыбай. Жағасының көпшілік бөлігі тік жарлы, аңғары кең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекеленген қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен алабында жайылымдық және шабындық жерлер, қыстаулар (Алтынбек, Есентұр) бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Арқалық қалалық әкімдігі өзендері Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы