Махамбетов — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Ақсуат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2386 адам (1215 ер адам және 1171 әйел адам) болса, 2009 жылы 3780 адамды (1957 ер адам және 1823 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы 1934 жылы құрылған Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров, Қызылорақ, Қызылқұм, Қарақожа, Батпаққара ұжымдық шаруашылықтары негізінде 1950 жылы ұжымшар болып қайта құрылды. 1972 жылдан ұжымшар көкөніс және сүт өндіреді. 1997 жылдан ауылда бидай, күріш, көкөніс өсіретін бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылға 1994 жылы осы өңірден шыққан Кеңес Одағының Батыры Ж.Махамбетовтың есімі берілді.

Дереккөздер

Санат:Қызылорда қалалық әкімдігі елді мекендері