iTunes Store — Apple компаниясының онлайн-дүкені, электрондық құрылғыларға сандық аудио, бейне және ойын медиамазмұнды таратады. Барлық музыка AAC форматында қол жетімді.
2003 жылдың 28 сәуірде Сан-Францискода, Moscone West орталығының тұсаукесерінде Стив Джобстың хабарлауы барысында таныстырылды.
iTunes Store Қазақстан үшін Қазақстан үшін iTunes Store супермаркетінде төмендегі бөлімдер (дүкендер) қол жетімді: Музыка Фильмдер App Store Кітаптар Подкасттар iTunes U
iTunes Festival
Apple кезекті музыкалық фестивальдар өткізеді. Алғаш рет iTunes Music Festival Лондонда 2007 жылдың қыркүйек айында өтті. iTunes Store осы фестивальдердің тірі қойылымдары сатылады. Іс-шараға қазірдің өзінде көптеген атақты топтар мен суретшілер барып қайтты.
Дүкен ерекшеліктері thumb|right|300px| iTunes дүкенінде әндердің сатылуы, 2003—2010. 2010 жылдың ақпан айына дүкен жалпы 10 млрд әндер сатқан:В iTunes Store продано 10 миллиардов песен Қазір бұнда қол жетімді: 43 миллионнан астам әндер; 100000 телебағдарламалар және 15 000 фильмдер, оның 5000-нан астамы, HD - форматында қол жетімді.
iTunes Store әлемде
iTunes Store, толық дүкен ретінде 62 елде қол жетімді: Аустралия Аустрия Аргентина Бельгия Болгария Боливия Бразилия Бруней Ұлыбритания Венгрия Венесуэла Вьетнам Гватемала Германия Гондурас Гонконг Грекия Дания Доминикан Республикасы Ирландия Испания Италия Қазақстан Камбоджа Канада Қырғызстан Кипр Колумбия Лаос Латвия Литва Люксембург Макао Малайзия Мальта Мексика Нидерланд Никарагуа Жаңа Зеландия Норвегия Панама Парагвай Перу Польша Португалия Ресей Румыния Сальвадор Сингапур Словакия Словения АҚШ Тайланд Тайвань Украина Филиппиндер Финляндия Франция Чехия Чили Швейцария Швеция Шри-Ланка Эквадор Эстония Жапония
Басқа елдерде мазмұнның қол жетімділігі Мазмұн ұстанымы біртекті емес, және әр түрлі елдерде кез келген мазмұнның болмауы құқық иелеріне байланысты. Apple тек iPhone, iPad және iPod Touch бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімі құқығына ие болады. Барлық басқа мазмұн (музыка, видео және т.б. ...) - Голливудта ірі кино компаниялары мен дыбысжазу компанияларына тиесілі. Қай ел дүкенінде олардың жұмыстары қол жетімді болуы туралы шешімді — тек мазмұн иелері қабылдай алады.
Қызықты фактілер 2013 жылы 23 сәуірде Apple iTunes Store-да «iTunes-пен бірге 10 жыл» iTunes декадасын іске қосты.
Бағалар АҚШ: $0,99 бір ән үшін, $7,99, $9,99 немесе $14,99 бір альбом үшін Канада: CA$0,99 бір ән үшін, CA$9,99 бір альбом үшін, CA$11,99 сандық буклеті және бейне клипі бар бір альбом үшін Ұлыбритания: ₤0,79 бір ән үшін, ₤7,99 бір альбом үшін, ₤9,99 сандық буклеті және бейне клипі бар бір альбом үшін Еуроаймақ: 0,99 € бір ән үшін, 9,99 € бір альбом үшін, 11,99 € сандық буклеті және бейне клипі бар бір альбом үшін Скандинавия: 9 крон бір ән үшін, 90 крон бір альбом үшін, 100 крон сандық буклеті және бейне клипі бар бір альбом үшін Ресей: 10-19 рубль бір ән үшін, 29-249 рублей бір альбом үшін (альбомның бағасы тұрақты емес)
Дереккөздер
Тағы қараңыз App Store Mac App Store Google Play Xbox Music
Әдебиет
Сілтемелер
ITUNES-ке 10 жыл 11.07.2014 :: support.apple.com :: iTunes Store дүкенінен кредиттік және дебеттік банктік карталар бойынша сатып алу үшін шоттар
Санат:ITunes Санат:Apple Inc. қызметтері Санат:Сандық дистрибуция