Иван Павлович Щеголихин (1.4.1927 ж., Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылы - 2010 жыл, Алматы) – жазушы, аудармашы, ҚР халық жазушысы.

ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітірген (1956). 1956 – 57 ж. республикалық сан.-эпидемиялық станцияда дәрігер, 1957 – 76 ж. “Советский Казахстан” (қазіргі “Простор”) журналында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды. “Профессордың қызы” атты алғашқы әңгімесі 1954 ж. жарық көрді. “Бұрқасын қар” романында (1960; 1977) Қазақстанға тың игеруге келген қарапайым адамдардың тағдыры суреттелген. Тың игеруге байланысты әлеумметтік және моральдық мәселелер “Ақ долы” повесінде (1962) жалғасын тапты. “Қызмет адамдары” романында (1988) тоқырау жылдарындағы қым-қиғаш оқиғалар, өмірдің көлеңкелі жақтары шынайы суреттелген. “Бір институтта” (повестер мен әңгімелер, 1958), “Тағы да таң атты” (роман, повесть, әңгіме, 1965), “Ауыртпалық машинасы” (повесть, 1969), “Бесінші бұрыш” (повестер, 1974), “Дефицит” (роман, 1984), “Іс оңғарылды, достар” (повесть, 1987), т.б. кітаптары шықты. Аудармалары

С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” (1964, С.Талжановпен бірге), С.Мұқановтың “Балуан шолақ” (1962, М.Бұралқиевпен бірге) және “Алыптың адымы” (1960), Ғ.Мұстафиннің “Көз көрген” (1969, Т.Әлімқұловпен бірге), Х.Абдуллиннің “Тұрфан аспаны астында” (1965), М.Ғабдуллиннің “Менің майдандас достарым” (1951), З.Ақышевтің “Жаяу Мұса” (1981), Талжановтың “Дала қыраны” (1967), Ә.Шәріповтың “Партизан қызы” (1963), Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді” (1984), Д.Досжановтың “Күміс керуен” (1985), т.б. романдар мен повестерді орыс тіліне аударған.Қазақ энциклопедиясы, 9 т.

Әскери атағы - отставкадағы медицина қызметінің лейтенанты.

Жұбайы - Щеголихина (Федорова) Иветта Николаевна, медицина ғылымдарының кандидаты, зейнеткер, дәрігер-кардиолог болған. Қызы - Галина, хореограф; ұлы - Андрей,марқұм, суретші болған. Немересі - Дмитрий, дизайнер.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1927 жылы туғандар Санат:Қарабалық ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Қазақстан халық жазушылары Санат:2010 жылы қайтыс болғандар