Артур Корнберг (; 3 наурыз 1918 жыл, Бруклин, Нью-Йорк – 26 қазан, 2007 жыл, Станфорд, Калифорния штаты) — америкалық биохимик, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының, Америкалық Ғылым және өнер академиясының және Америкалық биолог-ғалымдар қоғамының мүшесі, сондай-ақ Лондон корольдік ғылыми қоғамының шетелдік мүшесі.

Өмірбаяны

Қысқаша хронологиясы

1933 — Abraham Lincoln High School (Brooklyn) бітіріп, Нью-Йорк қалалық колледжіне (CCNY) оқуға түседі 1937 — CCNY-де бакалавр дәрежесін алды, Рочестер университеті Медицина мектебіне оқуға түседі 1941 — Рочестер университетінде медицинадан докторлық дәреже алды; Нью-Йорктегі Strong Memorial Hospital-да тәжірибеден өтті 1942 — АҚШ жағалау күзеті жанындағы АҚШ Қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне кірді; Кариб бассейнінде ол кеме дәрігері болып қызмет атқарды; Ұлттық Денсаулық сақтау институтының тамақтану бөліміне ауыстырылды (NIH) (қазіргі уақытта Ұлттық денсаулық сақтау институттары) 1943 — Сильви Рут Левиге үйленді 1946 — Нью-Йорк университеті Медицина мектебінде Северо Очоаның қарамағында тәжірибеден өтті 1947 — Сент-Луис Вашингтон университеті Медицина мектебінде Карл және Герти Кориде қарамағында тәжірибеден өтті, ферменттер бөлімін ашу үшін NIH-ге қайтып оралды, өмірге ұлы Роджер келді 1947–1953 — Ұлттық артрит және метаболикалық аурулар институтының метаболизм және ферменттер бөлімінің басшысы, NIH, ұлдары Томас (1948) және Кеннет (1953) өмірге келді 1951 — Ферменттер химиясы Пол-Льюс жүлдесін алды 1953–1959 — Вашингтон университеті, медицина мектебі, микробиология кафедрасының профессоры және меңгерушісі 1957 — ДНҚ-ның бірінші зертханалық синтезі; Ұлттық ғылым академиясының мүшесі болып сайланды 1959 — физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығын алды (Северо Очоамен бірлесіп) 1959–1969 — Стэнфорд университеті медицина факультетінің биохимия кафедрасының меңгерушісі, профессоры 1967 — бірінші өміршең ДНҚ вирусының репликациясы 1969–1988 — Стэнфорд университеті, медицина факультетінің биохимия кафедрасының профессоры 1970 — Корольдік қоғамның шетелдік мүшесі 1979 — National Medical of Science (National Science Foundation) 1980 — DNAX Молекулалық және жасуша биологиясы ғылыми-зерттеу институты құрылды 1986 — Сильви Корнберг ұзақ аурудан кейін қайтыс болды 1988 — Шарлин Уолш Леверингке үйленді (1995 жылы қайтыс болған) 1988–2007 — Стэнфорд университеті, медицина факультеті, биохимия кафедрасының құрметті профессоры, ғылыми-зерттеу нысаны — бейорганикалық полифосфаттарға ауысты 1998 — Каролин Фрей Диксонге үйленді 1999 — Рочестер университетіндегі Артур Кернбергке арналған Medical Research Building ашылды

Библиографиясы Өзінің ұзақ мансабының барысында Корнберг ДНҚ репликациясы бойынша үш жүзден астам ғылыми еңбектер, сондай-ақ ірі монографиялар, өзінің ғылыми өмірбаянын, биотехнология саласының инсайдерлік бағалауын, сондай-ақ балаларға арналған, өз балалары мен немерелеріне көптеген жылдар бойы әңгімелеген оқиғалардың негізінде жазған, Germ stories деп аталатын кітабын жариялады.

Enzymatic Synthesis of DNA, John Wiley & Sons, 1961 DNA Synthesis, W. H. Freeman and Co., San Francisco, 1974 ISBN 0-7167-0586-9 DNA Replication, W. H. Freeman and Co., San Francisco, 1980 ISBN 0-7167-1102-8 DNA Replication (2nd Edition) with Tania A. Baker., W. H. Freeman and Co., New York, 1992 ISBN 0-7167-2003-5 For the Love of Enzymes: The Odyssey of a Biochemist. Harvard University Press, Cambridge, MA, 1989, ISBN 0-674-30776-3 The Golden Helix: Inside Biotech Ventures. University Science Books, 2002, ISBN 1-891389-19-X Kornberg A. (2000). Ten commandments: lessons from the enzymology of DNA replication . J. Bacteriol. 182, 3613-3618

Марапаттары Америкалық химия қоғамының Пол Льюис ферменттер химиясы зертханасының жүлдесі (1951) Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын «рибонуклеин және дезоксирибонуклеин қышқылының биологиялық синтез тетіктерін ашқаны үшін» (1959) Ғылыми жетістіктері үшін Америка медициналық ассоциациясының жүлдесі (1968) Медициналық онкология қоғамының Люси Уортем Джеймс жүлдесі (1968) Америкалық медициналық колледждер қауымдастығының медициналық зерттеулері үшін Борден жүлдесі (1968) Силлиманов лекциясы (1978) АҚШ Ұлттық ғылыми медалі (1979)

Отбасы

Оның ата-анасы Джозеф Корнберг пен Лена Корнберг (Кац) болған. Жұбайы — Сильви Рут Леви (1943 жылдан) (1986 ж. жылы қайтыс болған) — биохимия саласында зерттеулер жүргізген. Үш ұлы: Химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (2006) Роджер Корнберг, Томас Корнберг, Кеннет Корнберг Жұбайы — Шарлин Уолш Ливеринг (1988 жылдан; 1995 жылы қайтыс болған) Жұбайы Кэролин Диксон (1998 жылғы желтоқсаннан)

Дереккөздер

Сілтемелер Нобельдік комитетінің сайтынан ақпарат Артур Корнберг. Биография peoples.ru

Санат:Стэнфорд университеті оқытушылары Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Жапон ғылым академиясының құрметті мүшелері Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар Санат:АҚШ биохимиктері Санат:Рочестер университеті түлектері