Байкенже — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Байкенже ауылдық округі әкімшілік орталығы.
Халқы Тұрғыны 763 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434037100.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен батысқа қарай отыз бес киломметр жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
Тарихы Ауыл 1962-96 жылдары бау-бақша өсірумен айналысатын «Алмалы» кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Байкенжеде және округке қарасты Билібай ауылында шаруа қожалықтары жұмыс істейді«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Викимапияда
Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері