Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Орданың бірнеше түрі бар. Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын ханның мәжіліс ордасы. Алтын үзік – аса лауазымды хан отбасы тұратын 24 қанатты үй. Ақ шаңқан – 18 қанат орда , 12 қанат – елбасылар , бай , билер тұратын киіз үйлер. Ақ ала орда - 8 қанатты дәулетті бай үй.

Санат:Қазақ салт-дәстүрлері